Жамбыл олблысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің басшысы Аширбеков Санат Сагинбекович;
Қабылдау күндері Бейсенбі: уақыт 15:00-18:00-ға дейін


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Ұлтымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзі осы мақаланың кейіпкерлеріне айтылғандай. Неге десеңіз, негізгі қызметі бала оқытумен қатар, тоқтаусыз ізденудің арқасында осындай мәреге жетіп отыр. Ендеше жаңғыру жолындағы жарқын белестерді бағындыру үшін шын дарындарды қалыптастыруға бет алған ұстаздарымызбен таныс болыңыздар.

№4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Иманқұлова Майрам Шалтайқызы «По страницам английской и американской литературы», №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінен мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Байтенова Сымбат Аманбекқызы «Ойнайық та ойлайық», математика пәнінің мұғалімі Ахтамбетова Маржан Мұратбекқызы «Матемикадан логикалық есептерді шығару жолдары», №31 Сарыбұлақ орта мектебінен Грекова Елена Владимировна «Креативное рисование», №42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектебінен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Барменқұлова Сәуле Сағындыққызы «Прекрасный мир руской речи» тақырыбындағы авторлық бағдарламаларымен 2018 жылдың 22-25 күндері аралығында Алматы қаласында өткен республикалық авторлық бағдарлама байқауына қатысып қайтты. Байқауды ҚР-сы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Аудандық білім бөлімінен оқу-әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Бахрамова Сәуле Амангелдіқызы қатысып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында іске асырылып отырған «Латын жазуындағы сауаттылық» тақырыбындағы авторлық бағдарламасын қорғады.

Жамбыл облысынан барлығы 18 шығармашыл ұстаз қатысса, оның 6-ы Қордай ауданына тиесілі. Жалпы байқауға Қазақстанның барлық аймағынан 265 мұғалім қатысты. Облысымыздағы он аудан ішінен командалық есепте байқауға қатысу және жүлдегерлер саны бойынша біздің аудан көш бастап тұр. Атап айтатын болсақ, №4 мектеп-лицейінен М.Иманқұлова 2-орын, №23 орта мектебінен С.Байтенова 3-орын, аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Бахрамова 3-орын иеленіп, Вице-министр Э.Суханбердиеваның дипломымен марапатталса, ал қалған қатысушыларға «Үздік шығармашыл ұстаз» номинациясы тарту етілді.

Біздің ұстаздарымыздың мұндай биікке көтерілуіне тынымсыз еңбектері мен үздіксіз шығармашылық ізденістері себепкер болды. Шығармашыл әріптестеріміздің қайсысының жұмысын алсақ та, оқушының бойындағы қабілеттерін жан-жақты ашып, өз бетінше ізденуіне, ең бастысы, қазіргі қоғам талаптарына төтеп бере алатын тұлға қалыптастыруға керемет пайдасын тигізері анық. Біз осындай айтары бар,берері мол ұстаздарымызбен мақтанамыз. Үлгі тұтамыз.

Аудандық білім бөлімі шын жүйріктер бас қосатын дарындылар байқауының жеңімпаздарын толағай табыстарымен құттықтай отырып, отбасының бақытын, дендерінің саулығын, зерделі шәкірттерінің молдығын тілейді.

Аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

К.Абдыкалыкова