Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Райымқұловтың азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдау күндері
Сәрсенбі күні: сағат 15.00-19.00-ге дейін
Бейсенбі күні: сағат 15.00-19.00-ге дейін


Отанға деген сүйіспеншілік туған жерде

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс- шаралар өтілуде. Осыған орай сәуірдің 17 күні Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық байқауы өтіп, облысымыздың түпкір- түпкірнен 60 оқушы қатысты. Бұл байқаудан №51 орта мектебінің оқушысы Сансызбай Бекзат «Сұр мерген Әбіл Нүсіпбаев» тақырыбында жоба қорғап, бас жүлдені жеңіп алды. №3 Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Жұмабек Айдана «Қордайдың тұнған тарихы» атты жоба қорғап, екінші орынмен марапатталды. №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушылары Әмір Сымбат, Төлеген Маржан «Тұлғалар тұғыры Кенен Әзірбаев» атты жобалық жұмысын қорғап, «Зерттеуші» номинациясымен марапатталып, ендігі кезекте Республикалық кезеңге дайындалуда. Ауданымыздың атын Республикадан шығарып, көптеген жүлделерге ие боламыз деген үміттеміз. Жерлестерімізге сәттілік тілеп, жақсы хабарлар күтудеміз.