Жамбыл олблысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің басшысы Аширбеков Санат Сагинбекович;
Қабылдау күндері Бейсенбі: уақыт 15:00-18:00-ға дейін


«Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды

ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтіледі.


            Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан «Тиісті үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
            Мемлекеттік білім беру   тапсырысын орналастыру үшін   Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті   органды   хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын   алуға өтінім   берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі оқыту ұйымдар «Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды:
         1). Қағидаға 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша   комиссия төрағасының (төрайымы)атына өтінішті;
         2). заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралыанықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
            3). мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты  белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
            4). «Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік   көрсетілетін қызметтер   стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы   Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі №217 бұйрығымен   бекітілген «Эпидемиялық   маңыздылығы   жоғары   объектінің   халықтың   санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы   нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге   сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы   санитариялық - эпидемиологиялық   қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық – эпидемиологиялық   талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық - эпидемиологиялық     қорытындының көшірмесін;
            5). Медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы   көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған   қызмет көрсету туралы шартты;

           6). Заңға сәйкес  тамақтандыруға жұмсалатын   ата – аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен,   білім бөлімінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша   балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

         7). Педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс   өткізу туралы хабарландыруда   көрсетілген   тәртіппен ұсынылады.

Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

   1). Олардан бас тарту себептерін егжей – тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптароға сәйкес келмейтінің растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

   2). Алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы құрылады.

Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рүұсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

   Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рүұсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы   орналастырылатын мектепке дейінгі   ұйымдардың   тізбесіне енгізу туралы   шешім шығарады.

   Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделеді.

   Комиссия мынадай:

1). Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;

2). осы Қағидалардың 9 және 10- тармақтарына сәйкес   келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшем шарттары:

1). Жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

2). Тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.

Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі.

Хаттаманы   хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның   барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушылар құжаттар жиналған пакетті Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі №273 мекен-жайда орналасқан «Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тапсыруы тиіс.

Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2021 жылы13 қаңтаркүнісағат 18.00-ге дейін қабылданады. Жолданған пакеттерді ашу рәсімі Қордай ауылы . Жібек жолы көшесі №273 орналасқан «Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі»КММ –нің конкурстық комиссиясыменен өткізіледі.   Пакеттер 2021жылғы 20 қаңтаркүні сағат 15 -00-де ашылады.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/72636/ 2-10-43 телефоны арқылы алуға болады.