Мектеп мұражайы туралы

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 21.11.2017 жылы, туған өлкенің рухани – мәдени байлығын насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын ояту, тарихи жәдігерлерді сақтау, құрметтеуін қалыптастыру мақсатында мектеп мұражайы құрылды. Мұражай мектептің 3 қабатында орналасқан. 315 кабинет. Мұражай ішін жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Мұражайдың ішінде арнайы Д.Қонаевқа арналған бұрыш бар. Онда Д.Қонаевтің үлкен суреті, «Патриот, гражданин, человек», «Анадан дара туған, дана туған» атты альбомдар, сонымен қоса басқа да кітаптар бар.

Мұражайда Д.Қонаев мектебінің тарихы бейнеленген. В.И. Ленин мектебінің кезеңін сипаттайтын альбомдар да бар. Мұражайда сонымен қоса, «Киелі Қордай елі – туған өлкем», «Киелі Қордай» атты жобалық жұмыстар бар. Мұражайда қазіргі және болашақ мектептің макеттері бар. Оқушылардың өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдары да өз орындарын тапты. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі бұйымдарын сипаттайтын бұрыш та өз орнын алды. 12.01.2018 жылы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназиясының тарихи-өлкетану мұражайы салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына ұжымның барлық мүшелері қатысты және олар да мектеп мұражайына өз үлесін қосып ескі, тарихи, құнды жәдігерлерді сыйға тартты.