Біз Тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз!

2016 жылдың 15 қазан күні №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Гульмира Батралиевна Самакова, әдіскері Улжан Атабековна Алимкулова және мектеп-гимназияның директоры Суджата Саятовна Сарғасқаеваның ұйымдастыруымен «Біз Тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз!» ұранымен флэшмоб өтті.

Аталған флэшмобқа 8,9,10 сынып оқушылары, барлығы 179 бала, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының өкілі Дамира Маратовна Сугурбаева қатысып,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады.

Білім бөлімінің басшысы Қ.Райымқұлов