Ару қыздарымыздың асқар асуы

Біздер- ата-бабаларымыз,ана-әжелеріміз ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен елін-жерін сыртқы жаулардан қорғап қана қоймай, ат құлағында ойнаған, тамаша ұлттық ойындарды ұрпағына аманат етіп қалдырған текті халықтың ұрпағымыз. Сол көненің көзіндей сақтай отырып, тектілікті бойтұмарына айналдырған талай ұрпақтар легі өсіп келеді ортамызда.

Енді аз-кем байқауларымызға тоқталайық:

Елбасымыз әрбір қазақстандықтың спорпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану керек екенін айтып қана қоймай, осы бағыттағы жұмыстардың жандануына үлкен мән беріп, жыл сайын қыруан қаржы бөліп отыр. Қазіргі таңда жастардың да, әсіресе мектеп оқушыларының спортқа деген құлшынысы ерекше Соның айқын дәлелі- біздің талдырмаш, нәзік қыздарымыздың көзсіз ерлігі, байрақты бәсекедегі үлкен жеңісі дер едім.

Нақтырақ тарқатып айтар болсақ, 2017 жылдың 28-30 қараша күндері аралығында Тараз қаласында Тұңғыш президент күніне орай 2003-2005 жылдары туылған мектеп оқушылары арасында баскетболдан ұйымдастырылған облыстық турнирге Қордай ауылындағы №47 орта мектебінің командасы қатысып, жүлделі үшінші орын иеленіп қайтты. Команданың жетекшісі- Нұргүл Беркімбаева. Команданың барлық ойыншылары мен команда жетекшісіне жарысты ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» дипломдары, кубок, медальдері табыс етілді. Әмзехан Дәмет, Алтаева Амина, Сәрсенбаева Әйгерім, Исенбек Жанерке, Болатхан Бөпежан, Таубалды Тоғжан, Тоқтығұлова Алина, Керімбек Алтынай. Біздің үздік команда Тараз қаласынан кейінгі орынды иеленіп, облысымыздағы өзге аудандардан оқ бойы озық тұрды.

Біз жас жеткіншектерімізді асқар-асқар асулар, биік-биік белестерге бастаған жеңіске деген ерік-жігері мен спортқа деген сүйіспеншілігінің еселене түсетініне кәміл сенеміз. Мұндай сенімді спорттағы жас таланттар өздерінің Отанына, туған жеріне, ауылына, мектебіне деген шексіз сүйіспеншілігімен дәлелдей түсті.