Хабарландыру

Түпқараған аудандық білім бөлімі «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай –ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы №198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы №77 бұйрығын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 2016 жылға 50 орынға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдардың тиісті құжаттарды жинақтап аудандық білім бөліміне ұсынуды сұрайды.

1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын

жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере

отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;

5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру

тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата –аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп –бағуға ата –аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті. (Барлық құжаттар конвертке салынып жинақталуы қажет)

Растайтын құжаттар:

1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы

30 желтоқсандағы №1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің (бұдан әрі –санитарлық ережелер) талаптарына сәйкестігі;

2) санитарлық ережелер бойынша материалдарымен және құралдарымен

жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

Жеткізушінің конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:

1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10% -дан кем емес

жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі:

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша

тәжірибенің болуы болып табылады.