Баянды болашақ бастауы

Елбасымыз өзінің 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу- біздің қанымызда бар қасиет...»деген тұңғиық ойын текке айтпағаны ақиқат. Халқымыздың небір асыл ойлы, зерделі, дарынды ұл-қыздары өткен дәуірлерде де болған, қазіргі инновациялық қарқынды даму ғасырымен тұспа тұс келген жаңғыру кезеңінде де баршылық, болашақтың еншісінде де болары анық. Мұндай ұлт мақтаныштарын мәңгілік ел тарихын жасайтынжасампаз тұлғалар деп атауға әбден негіз бар.

Ал осындай жаңғыру жолындағы жасампаз тұлғалар лекі Қордай ауданында өсіп келе жатқаны біз үшін үлкен жетістік. Осының айқын дәлелі-

2018 жылдың 5-6 қаңтарында Тараз қаласында өткен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы оқушылардың республикалық пән олимпиадасының облыстық үшінші кезеңіне ауданымыздың 26 дарынды оқушысы қатысып, 15 оқушымыз үздіктер қатарынан көрінуі. Атап айтсақ, Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Султанова Камила (пән мұғалімі Болатова Әлия Орынбекқызы) орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен 2-орын иеленіп, наурыз айында өтетін республикалық пән олимпиадасына жолдама алды. Ал №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясынан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9-сынып оқушысы Мирошниченко Валерия (пән мұғалімі Шапорева Т.В.) 3-орын, Қазақстан тарихы пәнінен 9-сынып оқушылары Абдраимова Айғаным (пән мұғалімі Абуева Г.С.) 3-орын, құқық негіздерінен Якубова Марина (пән мұғалімі Волошина С.П.) 3-орын, математика пәнінен 10 сынып оқушысы Амангелді Анеля (пән мұғалімі Сатыбалдиева Н.С.) мен Е.Қашағанов атындағы №42 орта мектебінің 9-сынып оқушысы (пән мұғалімі Төлегенова Л.Ш.) 3-орын, биология пәнінен 11-сынып оқушысы Дабыр Айя (пән мұғалімі Байгелова К.Е.) 3-орын, Абай Құнанбаев атындағы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сеитов Алихан (пән мұғалімі Оразбекова Г.Р.) құқық негіздері пәнінен 3-орын, орыс тілі пәнінен Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Тынышбай Амина (пән мұғалімі Джунушбаева Г.О.) мен 11-сынып оқушысы Абай Майра (пән мұғалімі Уразымбетова Д.К.) 3-орын, орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен А.Пушкин атындағы №7 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Щерба Альфия (пән мұғалімі Омурзакова Д.Р.) мен №32 В.Маяковский атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Байрамова Нигярь (пән мұғалімі Момыналиева А.А.) 3-орын, Қазақстан тарихы пәнінен №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нури Аружан (пән мұғалімі Әбдікерімова Қ,) 3-орын, қазақ сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Серікбай Азиза (пән мұғалімі Бекқұлова А.Ж.) 3-орындардан көрініп, облыстық білім басқармасының дипломдары мен қола медальдарға ие болды. №24 Степной орта мектебінің 11-сынып оқушысы Соседов Николай физика пәнінен терең білімімен ерекшеленгені үшін облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды.

Әрине, бұл жеңістің артында жас дарындарымыздың қаншама күлкісіз күндері мен ұйқысыз түндерімен қоса,   өз мамандықтарының нағыз шебері, кәсіби ұстаздарымыздың тынымсыз еңбектері, ата-аналарымыздың үздіксіз қолдауы тұр.

Аудандық білім бөлімі барша білім беру мекемелері мен ұстаздарымызды, дарынды оқушыларымызды байрақты бәсекедегі жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, баянды болашаққа бастар жолдағы табыстарының еселене түсуін тілейді.