Төл тарихымызға қайта оралу

2017 жылдың 30 қарашасында Қордай ауылындағы М.Ломоносов атындағы №2 орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілерді шешу амалдары»тақырыбында аудандық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысына аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің 46 мұғалімі қатысып, тың тақырып аясында ой бөлісті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «...Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек» деп нақты тапсырма, бағыт-бағдар берген еді. Ал осы жылдың 26 қазанында Елбасымыз латын әліпбиіне көшу бойынша №569 Жарлыққа қол қойды. Яғни арқаны кеңге салып, 2025 жылдың ауылы алыс немесе айы қашан туады деп отыруға ешқандай негіз жоқ екені баршамызға аян. Осындай ұлтымыз үшін, еліміздің баянды болашағы үшін жоспарланып отырған жаңа бастаманы бірден бір іске асыратын біздер-ұстаздар қауымы ауқымды іс-шараларды бастап та кеттік.

Аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері С.А.Бахрамова мен А.Б.Нұркеевалар №2 орта мектебімен бірлесе отырып, өткізген ғылыми-практикалық семинарға Абай Құнанбаев атындағы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Болатбек «Латын әліпбиінің маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Апробациядағы латын әліпбиі» тақырыбында Конбаева А.М. Михаил Ломоносов атындағы   №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі оқушылармен тәжірибе, Омиралиева Қ.М. Бауыржан Момышұлы атындағы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Латын әліпбиін қолданысқа енгізуде кездесетін кедергілер және одан шығу жолдары» тақырыбында коучинг, Мухатаева А.А. Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілер қандай?» ткақырыбында коучинг өткізіп, әріптестік ортада тәжірибе алмасты. Әдіскер А.Б.Нұркеевалар «Кемелді келешектің бастауы- латын әліпбиі» тақырыбында баяндама оқып, латын әліпбиінің қазақ тарихындағы орны жайында тарихи деректер келтіріп, біраз мәлімет берді.

Аудандық ғылыми конференцияның басты мақсаты- латын әліпбиін практикаға енгізе отырып елімізде атқарылып жатқанмемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруға ықпал етуеді.

Конференцияға қатысушы әріптестерді таң қалдырғаны №2 орта мектебінің 8-сынып оқушыларының латынша сауатты жазып, оқығаны болды.

Елбасымыздың көреген саясатының арқасында тарих тұңғиығынан арамызға қайта оралған латын әліпбиі халқымыздың «көз қорқақ, қол батыр» деген мақалын еріксіз ойға түсірді. Себебі пән мұғалімдеріміз әріптестерінің коучингілеріне қатысып, практика жүзінде латынша жазуға, оқуға қадам жасап көрді. Оқыды, жазды, ең бастысы, ұнады, қиыншылықтарды жеңе білді, кедергілерді еңсерді. Ал болашақтың еншісіне кері байланыс арқылы өз ұсыныстарын жазып қалдырды...

Аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Бахрамова