Жаңамен жаңару - табысқа бастар жол

Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті 2017-2018 оқу жылында атқарылатын жаңартылған білім беру мазмұны, критериалды бағалау бойынша іс-шаралар жоспарын құрып, сол жоспар негізінде жұмыстар атқарып отыр. Қыркүйек-қараша айлары аралығында Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бағытындағы жоспарлы жұмыстар мен болашақ бағдарлар» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел, М.Ломоносов атындағы №2 орта мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұнынындағы критериалды бағалау: бағыт-бағдар, талпыныс, нақты өлшемдер, жетістіктер, нәтиже» тақырыбында аудандық семинар-практикум,он-лайн режимінде жұмыс жасауға мүмкіндігі бар Қордай ауылындағы №1,2,3,4,47,51 орта мектептері, Қасық ауылындағы №23 орта мектебі, Қайнар ауылындағы №32 орта мектебінің базасында «Ізденіс, кәсіби шеберлік, - тәжірибе алмасу алаңында»тақырыбында ай сайын аудандық он-лайн режиміндегі аймақтық семинар-практикумдар ұйымдастырылуда.

Сонымен бірге, №1,2,4 жетекші мектептер мен аудан мектептері «Педагогтердің кәсіби өсуі мен табыстылығына бағытталған кәсіби желілік қауымдастық аясындағы бірлескен жұмыс» тақырып аясында мектепішілік, аймақтық, аудандық тәжірибе алмасу алаңы үздіксіз жұмыс жүргізіп отыр.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2017 жылдың 20 қарашасы мен желтоқсан айының аралығында «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру бағдарламасы»аясында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан мемлекеттік тапсырыс бойынша 30 пән мұғалімін оқытып отыр. Ал ауданымыздың 24 мектебінен директордың оқу-тәрбие ісі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі 24 орынбасары қазан-қараша айларында «НЗМ» ПШО Тараз қаласындағы филиалы базасынан «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы критериалды бағалау» тақырыбында бір апталық курстан өтіп, сертификатталды.

           Жалпы бүгінгі таңға дейін аудандық бес практикалық оқыту семинары (790 мұғалім), бір дөңгелек үстел (34 мұғалім), мектеп директорларының қамтылуымен (38 директор) бір семинар және ауданымыздың 35 мектебінде (1189 пән мұғалімдеріне) үйрету семинарлары, ашық есік күндері, біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы аясында атқарылған іс-шараларға қыркүйек-қараша айлары аралығында барлығы 2140 пән мұғалімдері мен мектеп басшылары тартылды.