2018 жылдың 19 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «Кемелді келешекке – кемеңгер елбасымен» тақырыбында аудандық «Жас ұлан» жас патриоттар форумы өтті. форумға аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, білім бөлімі сектор меңгерушісі Е.Нуралиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет, ауданның құрметті азаматы Т.Сугурбаев, педагог-зейнеткерлер Т.Гранкина, М.Избасаров шақырылды. Іс-шара барысында жалпы 500 оқушы қамтылды.
Қазақ елі үшін тәуелсіздік таңымен атқан әр күніміз, айымыз, жылымыз толағай табыстарға толы болса, биылғы жылдың орны ерекше. Ерекше болу себебі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының халыққа жол тартуы, төрткүл дүниені аузына қаратып, әлемнің кілең марқасқаларын бір арнаға түйістірген «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінің Астана төрінде салтанат құруы еді.
Елбасымыз өзінің 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу- біздің қанымызда бар қасиет...»деген тұңғиық ойын текке айтпағаны ақиқат. Халқымыздың небір асыл ойлы, зерделі, дарынды ұл-қыздары өткен дәуірлерде де болған, қазіргі инновациялық қарқынды даму ғасырымен тұспа тұс келген жаңғыру кезеңінде де баршылық, болашақтың еншісінде де болары анық. Мұндай ұлт мақтаныштарын мәңгілік ел тарихын жасайтынжасампаз тұлғалар деп атауға әбден негіз бар.
Қордай аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті 2017 жылғы желтоқсан айының 14-і күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алаш партиясының құрылғандығына 100 жыл толуы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне орай мектеп оқушылары (5-11) арасында Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауын өткізді.