2018 жылдың 6 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль – байқауы өткізілді.
Фестивальға Кенен ауылындағы «№1 балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының» «Хореография» үйірмесінің оқушылары «Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқауына қатысып, III орынға ие болды.
Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 9 желтоқсан күні Тараз қаласындағы №30 мектеп гимназиясында «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты облыстық оқырмандар конференциясы өтті. Аталған оқырмандар конференциясына ауданда ұйымдастырылған оқырмандандар конференциясының жүлдегерлері қатысты.