2019 жылдың 15 наурызында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль – байқауы өткізілді.
Аудандық білім бөлімімен наурыз айының 4-і күні №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің базасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Байқауға аудан мектептерінен 17 жас ақын қатысып, өз туындыларын жатқа оқыды. Жас ақындар шығармашылығына қолдау көрсетіліп, №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқышысы Тұрсынбаев Ербол мен №33 Соғанды негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Асан Ерқанат бас жүлдемен марапатталды. №2, 4, 3, 23, 33, 26, 27 орта мектептерінің оқушылары 2-3-орындармен марапатталды.
Аудандағы білім беру ұйымдарының оқушылары Қордай аудандық мұражайда 4-8 ақпан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Көненің көзі болған – ескі заттар» атты көрмесіне қатысты. Іс-шараның басты мақсаты дәуірлер арасында байланыс жасау, келушілерді өткен уақыттың заттары мен рухани әлемімен таныстыру.
Место проведения:
с.Кордай ул.Толе би,60
Время и дата проведения:
15 февраля 2019 г. в 9.00 час.
15 февраля 2019 года отдел образования акимата Кордайского района в рамках реализации программной статьи Главы государства Нурсултана Абишевича Назарбаева «Модернизация общественного сознания» провели в Школе искусств имени М.Толебаева районный конкурс юных художников «Бояулар құпиясы».
2018 жылдың 8 қарашасында оқушылардың сәндік қолданбалы қолөнердің көне түрлеріне тігудің құрақ техникасына, мәдени және ұлттық құндылықтарға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығында» «Туған жерім!» тақырыбында құрақ (пэчворк) тігу техникасы бойынша аудандық балалар шығармашылық байқауы өтілді.