
2017 жылдың қараша айында мектебіміздің жанынан «Мәдени-этнографиялық тұрмыс-салт бұйымдары» атты мұражай ашылды.
Мұражайда ерте замандағықазақтың киіз үйі ата-бабаларымыздың киген киімдері, тұрмыс жағдайында қолданылған заттар, үй жабдықтары жинақталды.
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 21.11.2017 жылы, туған өлкенің рухани – мәдени байлығын насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын ояту, тарихи жәдігерлерді сақтау, құрметтеуін қалыптастыру мақсатында мектеп мұражайы құрылды. Мұражай мектептің 3 қабатында орналасқан. 315 кабинет. Мұражай ішін жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Мұражайдың ішінде арнайы Д.Қонаевқа арналған бұрыш бар. Онда Д.Қонаевтің үлкен суреті, «Патриот, гражданин, человек», «Анадан дара туған, дана туған» атты альбомдар, сонымен қоса басқа да кітаптар бар.
Біздер- ата-бабаларымыз,ана-әжелеріміз ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен елін-жерін сыртқы жаулардан қорғап қана қоймай, ат құлағында ойнаған, тамаша ұлттық ойындарды ұрпағына аманат етіп қалдырған текті халықтың ұрпағымыз. Сол көненің көзіндей сақтай отырып, тектілікті бойтұмарына айналдырған талай ұрпақтар легі өсіп келеді ортамызда.