
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін көрсетушілерді ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және қызмет көрсетушілер тізіміне енгізу бойынша конкурс (әрі қарай - Конкурс) жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурс Сарыбұлақ және Жамбыл ауылдық округтері бойынша өткізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша орналастырылады:
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту қызметтері;
- қысқа мерзімді және толық күнді топтар.
Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі;
- өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкестігі;
- терроризмге қарсы қорғау талаптарына сәйкестігі;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдайлардың болуы (бар болған жағдайда);
- жабдықтармен және жиһазбен белгіленген нормаларға сәйкес қамтамасыз етілуі;
- тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы;
- тиісті білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі.
Төмендегі қағидалар бойынша мемлекеттік комммуналдық қазыналық кәсіпорыны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің М. Төлебаев атындағы өнер мектебінің Қамқоршылық кеңес қайта сайланады: