Бабалар жоралғысымен ақ киізге көтеріп хан сайламаса да,халық қалауымен тәуелсіз жас мемлекетіміздің тұтқасын ұстатқан Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың халқының игілігі үшін жасап отырған қай бастамасы болмасын міндетті түрде мәуелі бақтай өз жемісін беріп отырғаны баршамызға аян. Ал Елбасымыздың 2018 жылдың 5 наурызындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін көгілдір экранның арғы жағынан тыңдай отырып, бергі жағындағы көніл-күйім тамаша әсерде болды. Құтты бір ертең балаларыма ару қала Алматыдан пәтер алатындай күй кештім. Жаңалықтан құр қалғандай, естігенімді бірінші болып отбасыма, әріптестеріме, ертесіне оқушыларыма жеткіздім. 14%-дық несиенің 7%-ға, 30%-дық алдын-ала төлемнің 20%-ға, 15 жылдық несие мерзімінің 25 жылға ұзартылғандығы менің және отбасы мүшелерімнің алдағы жоспарларын күрт өзгертіп, басқа арнаға, жарқын болашақ арнасына бұрды.