Елбасымыздың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс- шаралар өтілуде. Осыған орай сәуірдің 17 күні Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық байқауы өтіп, облысымыздың түпкір- түпкірнен 60 оқушы қатысты. Бұл байқаудан №51 орта мектебінің оқушысы Сансызбай Бекзат «Сұр мерген Әбіл Нүсіпбаев» тақырыбында жоба қорғап, бас жүлдені жеңіп алды. №3 Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Жұмабек Айдана «Қордайдың тұнған тарихы» атты жоба қорғап, екінші орынмен марапатталды. №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушылары Әмір Сымбат, Төлеген Маржан «Тұлғалар тұғыры Кенен Әзірбаев» атты жобалық жұмысын қорғап, «Зерттеуші» номинациясымен марапатталып, ендігі кезекте Республикалық кезеңге дайындалуда. Ауданымыздың атын Республикадан шығарып, көптеген жүлделерге ие боламыз деген үміттеміз. Жерлестерімізге сәттілік тілеп, жақсы хабарлар күтудеміз.
2018 жылдың 8 қарашасында оқушылардың сәндік қолданбалы қолөнердің көне түрлеріне тігудің құрақ техникасына, мәдени және ұлттық құндылықтарға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығында» «Туған жерім!» тақырыбында құрақ (пэчворк) тігу техникасы бойынша аудандық балалар шығармашылық байқауы өтілді.
Ұлтымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзі осы мақаланың кейіпкерлеріне айтылғандай. Неге десеңіз, негізгі қызметі бала оқытумен қатар, тоқтаусыз ізденудің арқасында осындай мәреге жетіп отыр. Ендеше жаңғыру жолындағы жарқын белестерді бағындыру үшін шын дарындарды қалыптастыруға бет алған ұстаздарымызбен таныс болыңыздар.