«Айбынды Алашым- тәуелсіздігімнің тірегі»

Қордай аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті 2017 жылғы желтоқсан айының 14-і күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алаш партиясының құрылғандығына 100 жыл толуы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне орай мектеп оқушылары (5-11) арасында Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты- ұлтымыздың ұлы тұлғаларының тәуелсіздікке бастар жалынды жырлары мен ерлікке тең өнегелі істерін болашақ ұрпаққа насихаттау, оқушылардың бойына Отанға, елге, туған жерге деген шынайы патриоттық сезімін ұялату.

Байқау мынадай тапсырмалардан тұрды:

- прозалық шығармадан үзінді оқу;

- поэзиялық шығарма оқу;

Байқау шарттары төмендегідей болды:

- оқылатын мәтін көлемі 3 минуттан аспауы керек;

- белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды;

- дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

- талапкерлер таңдап алған мәтіндерді жатқа білулері қажет.

Аудандық байқауға мектепішілік өткізілген кезеңнің жеңімпаздары (жас ерекшелігіне 3 адам) қатысты.

Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысты.

Аудандық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

- көркем мәтінді оқу шеберлігіне;

- дауыс мәнері және тіл тазалығына;

- көркем мәтінді таңдау талғамына;

- сахна әдебіне;

- сахналық киім сәніне баса назар аударды.

Байқау жеңімпаздары Қордай аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша   №33, 43, 2, 4 орта мектебінің оқушылары бас жүлде, №39, 27,21,20 орта мектебінің оқушылары 1-орын, №33,39,34, 4, 14, 23, 38 орта мектебінің оқушылары 2-орын, №1,5,35,33,20,33,29,38 орта мектебінің оқушылары 3-орындармен марапатталды.

Байқауға қатысушы оқушылар проза жанры бойынша үлкен дайындықпен келгенін атап өту керек.

Ұлтымыздың дара тұлғасы Мұхтар Шаханов ағамыздың «Ән туады мұраттан, ой туады сұрақтан, небір ұлы өзендер басталады бұлақтан» деген өлең жолдары осы байқауда еріксіз ойға орала берді. Себебі өсіп келе жатқан жас буындарға қарап, талай бұлақтың қайнар көзі ашылып келе жатқандығының куәсі болдық. Бұйыртса, небір бұлақтардың ұлы өзендердеайналатындығының ауылы да алыс емес...

АББ-ның әдіскері С.Бахрамова