«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль – байқауы өткізілді

2019 жылдың  15 наурызында  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында  «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль – байқауы өткізілді.

28.03.19-1

Толығырақ...

«Түркістан - ер түріктің бесігі»

Аудандық білім бөлімімен наурыз айының 4-і күні №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің базасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-11 сынып оқушылары арасында  «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы  ұйымдастырылды. Байқауға аудан мектептерінен 17 жас ақын қатысып, өз туындыларын жатқа оқыды. Жас ақындар шығармашылығына қолдау көрсетіліп,  №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқышысы Тұрсынбаев Ербол  мен №33 Соғанды негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Асан Ерқанат бас жүлдемен марапатталды. №2, 4, 3, 23, 33, 26, 27 орта мектептерінің оқушылары 2-3-орындармен марапатталды.

05.03.19-1

Толығырақ...

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «Театр ғажайып әлемінде» аудандық байқауы

Өтетін орны:   
Қордай ауылы мәдениет үйі    

Өтетін уақыты мен күні:
 15.02.2019 жыл, сағат 10.00

     2019 жылдың  ақпанның 15   күні   Қордай ауданы  әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында  «Театр ғажайып әлемінде » аудандық фестиваль байқауы ұйымдастырылды.
    Байқаудың мақсаты- өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Толығырақ...

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Буккроссинг» акциясы

Өткізу орны:                     Өтетін уақыты мен күні:
   Аудан мектептері                         2019 жылдың 1-25 ақпан аралығы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға кітап оқуға тарту, әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу, елімізді үлкен кітапханаға айналдыру мақсатында аудан бойынша барлық мектептерде «Буккроссинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» акциясы өткізілді.  

27.02.19-14

Толығырақ...

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің Аудандық байқауы

Өту орны:   
Қордай ауылы
Төле би көш.,60

Өтетін уақыты мен күні:
15 ақпан 2019 жыл, сағат 9.00

2019 жылдың 15 ақпан Қордай ауданы  әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде  «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің аудандық  байқауы ұйымдастырылды.

27.02.19-5

Толығырақ...

Мұражай

Аудандағы білім беру ұйымдарының оқушылары Қордай аудандық мұражайда  4-8 ақпан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Көненің көзі болған – ескі заттар» атты көрмесіне қатысты. Іс-шараның басты мақсаты дәуірлер арасында байланыс жасау, келушілерді өткен уақыттың заттары мен рухани әлемімен таныстыру.

12.02.19-1

Толығырақ...

«Туған жерім!»

2018 жылдың 8 қарашасында оқушылардың сәндік қолданбалы қолөнердің көне түрлеріне тігудің құрақ техникасына,  мәдени және ұлттық құндылықтарға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында    «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығында»  «Туған жерім!»  тақырыбында құрақ (пэчворк) тігу техникасы бойынша   аудандық балалар шығармашылық байқауы өтілді. 

14.11.18-1

Толығырақ...

Менің кіші Отаным

2018 жылдың 13 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсы өткізілді.

Толығырақ...

Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілерді шешу амалдары

«Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілерді шешу амалдары» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық ғылыми конференция бойынша

АНЫҚТАМА

Толығырақ...

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Толығырақ...

«Мәнгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін -2050» әлеуметтік жоба Қордай ауданымызда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» - деп көрсетті.

Толығырақ...