«Мәнгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін -2050» әлеуметтік жоба Қордай ауданымызда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» - деп көрсетті.

Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

Біздің ауданымызда «Мәнгілік ел жастары – индустрияға!»  «Серпін -2050» әлеуметтік жоба бойынша    мектеп бітіруші оқушыларымен үгіт насихат  жұмыстарөткізіліп жатыр. Білім бөлімі мектеп бітіру кешін ұйымдастыру негізінде арнайы штаб құрып, мектеп бітіру кешіне бекітілген кестеге сай әр қызметкер мектептерге барып, кезекшілік өткізді. Сонымен қатар тиісті бөлімдерге кезекшілік ұйымдастыру үшін хаттар жолданды.

Мектеп түлектері әсіресе «Алтын белгі»,  «Үздік  аттестат» иегерлері арасында ауданымызға қажетті мамандар туралы үгіт насихат жұмыстары жүргізілінді. Сонымен қатармектеп бітіруші түлектер арасында  «Мәнгілік ел жастары – индустрияға!»  «Серпін -2050» әлеуметтік жобасын насихаттау мақсатында білім бөлімі тарабынан 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, үгіт-насихат жұмыстары өткізіліп, №9,43,42,16,26,31 мектептерде «Мәнгілік ел жастары – индустрияға!»  «Серпін -2050әлеуметтік жоба» тақырыбына плакаттар мен баннерлер жасалды. Білім бөлімінде аталған бағдарламаны ата-аналарға толығырақ түсіндіру үшін  бөлімнің сектор меңгерушісі Г. Садабаева, бас маман А. Валиева және әдіскер З. Байбековадан құрылған консультациялык топ жұмыс істейді. Бүгінгі күнде дейін консультациялык топтан түсіндіру жұмыстарын алып, №4, №7, №2 орта мектептің түлектері аталған бағдарлама негізінде құжаттарын топтауда. Олар Семипалатинскийдағы медициналық, Қарағанды қаласынданғы медициналык, Павлодар қаласындағы мемлекеттік, Көкшетау қаласындағы мемлекеттік университеттерге түсүге тілек білдірді. Аталған қалалардағы оқу орындарына құжаттарды қабылдау үшін үстіміздегі жылдың шілде аралығында Тараз қаласында мелекеттік университетінде байқау ұйымдастырылып құжаттар қабылданды.