Мұражай

Аудандағы білім беру ұйымдарының оқушылары Қордай аудандық мұражайда  4-8 ақпан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Көненің көзі болған – ескі заттар» атты көрмесіне қатысты. Іс-шараның басты мақсаты дәуірлер арасында байланыс жасау, келушілерді өткен уақыттың заттары мен рухани әлемімен таныстыру.

12.02.19-1

Көрмеге аудан тұрғындарының өткен күндерінен сыр шертетін көне жәдігерлер, атап айтсақ ескі патефон, фотоаппараттар, сағаттар, шот, жазу машинкасы, шаңсорғыш және т.б. бұйымдар қойылды. Оқушылар  көрме барысында өткен ғасырларда ата-бабаларымыздың пайдаланған көненің көзі болып қалған көне заттармен танысты. Көрермендер ғажап жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, олардың пайдалану әдісі мен тұрмыстағы орны туралы да мол мағлұматтар алды.

12.02.19-2