Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілерді шешу амалдары

«Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілерді шешу амалдары» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық ғылыми конференция бойынша

АНЫҚТАМА

2018 жылдың 30 қаңтарында Қордай ауылындағы М.Ломоносов атындағы №2 орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілерді шешу амалдары» тақырыбында аудандық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысына аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің 46 мұғалімі қатысып, тың тақырып аясында ой бөлісті.

Аудандық ғылыми конференция мақсаты:елімізде атқарылып жатқанмемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету;

Міндеттері:

1. Қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесіне қолдау көрсету;

2. 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісу жұмыстарына үлес қосу;

3. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосатынын насихаттау;

Күтілетін нәтиже:

1. Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдарын тәжірибеде қолданады;

2. Латын әліпбиіне көшу кезінде кездесетін кедергілерді шешу амалдарын қарастырады;

3. Латын әліпбиіне көшу болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екенін түсінеді;

Аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері С.А.Бахрамова мен А.Б.Нұркеева №2 орта мектебімен бірлесе отырып, өткізген ғылыми-практикалық семинарға Абай Құнанбаев атындағы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Болатбек «Латын әліпбиінің маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Апробациядағы латын әліпбиі» тақырыбында Конбаева А.М. Михаил Ломоносов атындағы №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі оқушылармен тәжірибе, Омиралиева Қ.М. Бауыржан Момышұлы атындағы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Латын әліпбиін қолданысқа енгізуде кездесетін кедергілер және одан шығу жолдары» тақырыбында коучинг, Мухатаева А.А. Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары және көшу кезінде кездесетін кедергілер қандай?» ткақырыбында коучинг өткізіп, әріптестік ортада тәжірибе алмасты. Әдіскер А.Б.Нұркеевалар «Кемелді келешектің бастауы- латын әліпбиі» тақырыбында баяндама оқып, латын әліпбиінің қазақ тарихындағы орны жайында тарихи деректер келтіріп, біраз мәлімет берді.