«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль – байқауы өткізілді

2019 жылдың  15 наурызында  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында  «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль – байқауы өткізілді.

28.03.19-1

Фестивальдың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдық және мәдени құндылықтармен таныстыру; балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал жасау, үздік классикалық және замануи өнер үлгілерін игеру және орындау.
Фестиваль міндеттері:
-    білім алушыларды хореографиялық өнерге, тарихи мұраға тарту,
 белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;
-   би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын
 зерттеу;
-    білім алушылар тұлғаларының шығармашылық, әлемді эмоциялық
танудағы эстетикалық сезімдерінің дамуы;
-   білім алушылардың эмоциялық саласының және шығармашылық
қабілеттерінің ашылуы;
-   заманауи өнердегі халық дәстүрлерін сақтау;
-   балалардың патриоттық сезімін, ұлттық мәдениетті, халық дәстүрлерін
құрметтеу және аялауды тәрбиелеу;
-   шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ақпараттық
қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдарының тәрбиешілері арасында тәжірибесін алмасу.
Байқауға    10-13 жас, 14-17 жастағы білім алушылары қатысты.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді.
1. Халық биі және халық стиліндегі би:
а) әлем халықтарының билері;
б) қазақ биі.
2. Қазіргі заман биі:
а) эстрадалық би;
б) аралас би.

28.03.19

28.03.19