БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «Театр ғажайып әлемінде» аудандық байқауы

Өтетін орны:   
Қордай ауылы мәдениет үйі    

Өтетін уақыты мен күні:
 15.02.2019 жыл, сағат 10.00

     2019 жылдың  ақпанның 15   күні   Қордай ауданы  әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында  «Театр ғажайып әлемінде » аудандық фестиваль байқауы ұйымдастырылды.
    Байқаудың мақсаты- өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Байқаудың міндеттері:
-балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметі сапасын арттыру;
-өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелу тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
-сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен дарынды орындаушылар мен кәсіпқой педагогтер, балалар мен жастардың театр ұжымдарының ұйымдастырушылары арасынан балалар мен жастардың театр ұжымын анықтау;
-балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруға ынталандыру;
-балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға ықпал ету;
-балалар мен жастардың театр ұжымдары арасында шығармашылық байланыс үшін жағдай жасау, тәжірибемен алмасу.
Байқауда балалардың музыкалық шығармашылығын  қазылар алқасының құрамы анықтайды: Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығың директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Нургалиев Жамбыл Қуатбекұлы, «Жас Ұлан » бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының аудандық үйлестірушісі Абықаев Азат Айбекұлы, БЖШО да «Театр» үйірмесінің жетекшісі Толеубек Мадина
 Жеңімпаздарға байқаудан естелік ретінде  дипломдар табысталады
Төлеби  көш.,21
т/ф 8 (7263)  64-21-50
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


«Театр ғажайып әлемінде»  аудандық фестиваль байқауы
туралы анықтама

2019 жылдың  ақпанның 15   күні   Қордай ауданы  әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында  «Театр ғажайып әлемінде » аудандық фестиваль байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік,эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның дамуы, өз ойын білдіру, балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдауы, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Осы мақсатқа сәйкес аудан бойынша 6 оқу орталықтары қатысты. Атап кетсек, №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп – лицей, №23 орта мектеп,№32 орта мектеп,№1 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназия, №29 орта мектеп және БЖШО. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері 11-16 жас аралығында.
Байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес оқушылар өнер көрсетті. Қойылым регламенті 20 мин. «Найман ана», «Батыр Баян», «Семей полигоны», «Қыз 20 толғанда», «Мен кіммін?» және мюзикл  «Золушка» шығармаларының үзінділері қойылды.
Байқау қорытындысы бойынша,  әділ-қазы алқаларының шешімімен Бас жүлде екі командаға берілді. №1 Д.Қонаев атындағы гимназия және балалар мен жасөспірімдер орталығына. Себебі мюзикл және драма бағытын бір-бірімен салыстыруға болмайтынын айтты. І орын  №32орта мектеп, ІІ орын - №4 мектеп лицейі, ІІІ 23 орта мектеп оқушылары иеленді. Байқау барысында көзге түскен оқушыларға  арнайы номинация бойынша дипломдар берілді. «Ең үздік актриса» номинациясын №1 мектеп-гиманзия оқушылары  Манабаева Алина, Саркисова Изабелла, Бакирова Мерейге берілді.


27.02.19-20 

27.02.19 

27.02.19