Менің кіші Отаным

2018 жылдың 13 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты – балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту, өскелең ұрпақ бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді дамыту.

Конкурстың міндеттері:

- туған өлке тарихын оқуға деген танымдық қызығушылықтарын ынталандыру;
- тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- 8-11 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсына қатысушылардың арасынан жеңімпаздарды анықтау.

Ауданның 20 мектебінен оқушылар қатысып, өздерінің арнайы зерттеу жүргізіп, ғылыми жобаларын қорғау сайысына түсті. Бас жүлдені алған №20 Алмалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Булат Аружан. 1 орынды иемденген №38 Сұлутөр орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қыстаубаева Амина облыстық байқауға қатысуға жолдама алды. Оқушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.