«Түркістан - ер түріктің бесігі»

Аудандық білім бөлімімен наурыз айының 4-і күні №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің базасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-11 сынып оқушылары арасында  «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы  ұйымдастырылды. Байқауға аудан мектептерінен 17 жас ақын қатысып, өз туындыларын жатқа оқыды. Жас ақындар шығармашылығына қолдау көрсетіліп,  №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқышысы Тұрсынбаев Ербол  мен №33 Соғанды негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Асан Ерқанат бас жүлдемен марапатталды. №2, 4, 3, 23, 33, 26, 27 орта мектептерінің оқушылары 2-3-орындармен марапатталды.

05.03.19-1

Байқау жеңімпаздарына аудандық білім бөлімі басшысының мадақтамасы мен  бағалы сыйлық-домбыра табыс етілді.

Қордай ауданының білім мекемелерінде Абай, Мағжан, Мұқағали, Мұхтардай ақын бабаларының жолын қуып келе жатқан небір дарын иелерінің өсіп келе жатқаны байқаудың әділ-қазы мүшелерін шексіз қуанышқа бөледі.

05.03.19-2