Қордай ауданы бойынша дене шынықтыру пәні бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Қордай ауданы бойынша  Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын арттыруға, олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жүйесін дамытуда біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында мұғалімдер курстарға жіберіліп отырды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми – тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» Жамбыл облыстық білім басқармасымен бекітілген 2016 жылға арналған негізгі облыстық және республикалық бұқаралық - спорттық, дене шынықтыру - сауықтыру іс - шаралары мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына және Қордай ауданы әкімдігінің спорт бөлімімен келісе отырып, Қордай ауданы әкімдінің білім бөлімімен бекітілген аудандағы мектеп оқушылары арасындағы спартакиада ережесі негізінде аудандық іріктеулер жүргізілді. Жеңімпаз атанған командалар облыстық іріктеулерге қатыстырылды. Нәтижесінде облыстық рейтинг бойынша VI орынды иелендік. «Мектеп лигасы» бойынша да аудандық іріктеулер өткізіліп облыстық кезеңге толық командалар құрамы қатысып қайтты.

Сонымен қатар, аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердегі 46  спорттық залдарда 5198 оқушы 236 спорттық секциялар мен үйірмелерге тартылды. Ауданда жұмыс істейтін 2 спорт мектептерінде 1024 бала спорттың 13 түрімен шұғылданады. Әсіресе ауыл жастары мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, жыл бойы футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және тағы басқа спорт түрлерімен кешкі уақыттарды тегін шұғылданды. Мектептен тыс уақытта 7864 оқушы, яғни жалпы оқушылар санының 30 пайызы спорттық іс-шаралармен қамтылған. Сондай – ақ аудан көлемінде ұмыт болып бара жатқан «Аула ойындары» бойынша жарыстар өткізіліп жеңімпаз аталған команда құрамы облыстық жарысқа қатысып қайтты.

ҚР білім стандартын орындау үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар кеңестер өткізілді. Әр тоқсан сайын мониторинг жасалды.

 

Қордай ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің басшысы                                         Қ.Райымқұлов

Қордай ауданы әкімдінің білім бөлімімен бекітілген аудандағы мектеп оқушылары арасындағы спартакиада ережесі негізінде «волейбол» және «баскетбол» ойындарынан мектеп лигасы