Қордай ауданы бойынша бастапқы әскери даярлауды ұйымдастыру және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» №606 бұйрығы және  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 2015-2016 оқу жылында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, оқытушы – ұйымдастырушылардың біліктілігін арттыру мақсатында бюджеттен 214,0 мың теңге қарастырылып, Астана қаласына бұгінгі таңда 3 мұғалім барып, куәлігін алды, қалған 2 мұғалім маусым және қараша айларында жолданатын болады. Бюджеттен 925,0 мың теңге бөлініп, мұғалімдерге арнайы киімдер сатып алынды. 370,0 мың теңгеге «Афицер қаһарман мамандық» стендтері сатып алынды. 1260,0 мың теңге қарастырылып жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке дайындау, олардың бойында әскери қызмет ету кезінде қажет болатын ептілік пен икемділікті құрау, әскери-қолданбалы және әскери-техникалық спорт түрлері негізінде салауатты өмір салтын және дене бітімінің жетілдірілуін насихаттау мақсатында Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарымен бекітілген 2016 жылдың 4 – 9 сәуір аралығында «Балауса» сауықтыру лагері базасында тәулік бойғы қорғаныс – сауықтыру лагері ұйымдастырылып, аудандық 10 – сынып оқушыларымен 3 күндік әскери далалық оқу – жаттығу жиыны өткізілді. Аталған іс шараға аудан бойынша 280 оқушы қатысты. Лагерде тәулік бойы оқушылармен бірге БӘД оқытушы – ұйымдастырушылары болды. Сонымен қатар тәулік бойы Қордай аудандық ІІБ қызметкерлері мен мектеп медбикелері қатысты.Орта мектептерде 2016 жылдың 8 – 13 ақпан аралығында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 27 толуына байланысты салтанатты іс – шаралар өткізілді. Іс шара барысында мектеп оқушылары арасында әскери – спорттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды, Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Қордай ауданы бойынша жоғарғы әскери оқу орындарына үміткерлермен «Радиоэлектроника, инженерия және байланыс әскери институтының» 5 курсс курсантының қатысуымен сұхбат жасалды. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарымен бекітілген «Сұңқар» әскери – спорттық байқауы 2016 жылдың 9 - 15 наурыз аралығында аймақтық жарыстар өткізілді. Аталған іс-шарада жеңімпаз аталған команда Тараз қаласына «Сапта жүріп ән айту» байқауына қатысты. №9 және №38 орта мектеп базасында семинар сабақтар өткізілді.

Сонымен қатар, барлық орта мектептерде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру пәні бағдарламасының аяқталуына  әскери – спорттық іс – шаралар өткізілді.

 

Қордай ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің басшысы                                         Қ.Райымқұлов

 

А.Мырзагулов, тел:8/726 36/ 2-25-41

 

2016 жылдың 8 – 13 ақпан аралығында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 27 толуына байланысты салтанатты іс – шаралар

«Сұңқар» әскери – спорттық байқауы

Қордай ауданы бойынша жоғарғы әскери оқу орындарына үміткерлермен «Радиоэлектроника, инженерия және байланыс әскери институтының» 5 курсс курсантының қатысуымен сұхбат

2016 жылдың 4 – 9 сәуір аралығында «Балауса» сауықтыру лагері базасында тәулік бойғы қорғаныс – сауықтыру лагері