«Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты облыстық оқырмандар конференциясы туралы ақпарат

Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 9 желтоқсан күні Тараз қаласындағы №30 мектеп гимназиясында «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты облыстық оқырмандар конференциясы өтті. Аталған оқырмандар конференциясына ауданда ұйымдастырылған оқырмандандар конференциясының жүлдегерлері қатысты.

Оқырмандар конференциясының мақсаты: Мүшелтой иелерінің шығармаларын оқыта отырып, жас ұрпақты кітап оқу дағдысын қалыптастыруға, рухани және танымдық дамытуға бағыттау.

Міндеттері:

1 Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттай отырып, дарынды балаларды қолдау;

2. Таңдалып, алынған авторлардың патриоттық рухани тағзым ету, есімдерін мәңгі қастерлеу;

3. Оқуға ұсынылған шығармалар бойынша оқушылар арасында идеялармен бөлісу;

4. Оқырмандар алаңын қалыптастыра отырып, оқушыларды кітап оқу жолындағы ізденістерін арттыруларына ықпал ету, ынталандыру және көтермелеу.

Оқырман конференциясы төмендегі бөлімдер мен тақырыптар бойынша өтті:

І БӨЛІМ

5-7 сынып оқушылары арасында М.Әуезовтің 120 жылдығына орай «Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қорғансыздар тағдыры мен бүгінгі қорғансыздар туралы». Қатысушылар: Марат Адина - №14 Нүсіпбаев атындағы ОМ 6- сынып оқушысы, Тоқтаналиева Амина - №23 Т. Рысқұлов атындағы ОМ 7- сынып оқушысы.

ІІ БӨЛІМ

8-9 сынып оқушылары арасында Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына орай «Шерағаның шиырлары». Қатысушылар:Жұматай Жансұлу - №22 ОМ-тің 9- сынып оқушысы, Дүйсенова Жадыра - №3 Абай атындағы ОМ-тің 8- сынып оқушысы

ІІІ БӨЛІМ

10-11 сынып оқушылары арасында М.Жұмабаевтың 124 жылдығына орай «Рухани жаңғыру және Мағжан шығармаларындағы түркі тану». Қатысушылар:Амангелді Айгүл - №27 Ы.Алтынсарин атындағы ОМ-тің 10 сынып оқушысы, Бейсе Құралай - №14 Нүсіпбаев атындағы ОМ-тің 11- сынып оқушысы

Ұйымдастырушылар тарапынан қатысуышыларға сертификаттар, ал белесенділік танытып, оқыған шығармалары бойынша үздік пікір білдірген оқушыларға алғыс хаттар беріліп, сонымен қатар номинациялар бойынша марапатталды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлық (әдеби кітаптар) сыйға тартылды. Ауданнан барған алты оқушының бесеуі облыс бойынша үздіктердің қатарынан табылып, Жамбыл облсы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетованың алғыс хаты мен дипломдарымен марапатталды. Олар:Тоқтаналиева Амина «Ойлы оқырман», Бейсе Құралай «Үздік оқырман»номинациялары бойынша дипломмен, ал Марат Адина, Дүйсенова Жадыра, Амангелді Айгүл алғыс хаттармен марапатталды.

Аудан көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған конференцияның жоғары деңгейде өтуіне аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері С.А.Бахрамова мен Т.Т.Төлепбергенова үлкен үлес қосты.

Аудандық оқырмандар конференциясына қатысуға 87 оқушының 35 мектептен сұраныс беріп қатысуы қазіргі ақпараттық технологиялар заманында кітап оқитын оқырмандардың катары азаймағанын көрсетті. Біздер өз тарапымыздан ойы ұшқыр, тағылымы биік шәкірттеріміздің қатары көбейе беруіне шын жүректен тілектеспіз.