Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

 

Қазақстан Республикасының

 Президенті – Ұлт көшбасшысыН.Ә. Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын  іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстардың

МАТЕРИАЛДАРЫ

Қордай ауданы, 2017 жыл

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен Қазақстан Республикасының  Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын  іске асыру мақсатында 2017  жылға арналған іс-шаралар жоспарын құрылып, жоспарға сәйкес төмендегі жұмыстар жүргізілуде. 

Ағымдағы 2017-2018 оқу жылынан бастап барлық мектептерде 7 сыныптарда «Өлкетану» курстары, ал 8 сыныптарда "Туған өлке тарихы" курстарын  енгізілді. Курстар аптасына 1 бір рет өткізілуде. Курстарды жалпы 61 мұғалім өткізуде, оның ішінде 8 география пәнінің және 53 тарих пәнінің мұғалімдері.

       Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 79 қадамын және 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Бәсекелік қабілет» атты бірінші бөліміндегі «Үш тілде білім беру» бағытындағы  мақсат-міндеттерді іске асыру барысында 2017 жылдың  наурыз-мамыр айларында информатика, физика, химия пәндерінің ұстаздары 11 апталық ағылшын тілінің курсынан өтіп, сертификатталды. №1МГ-ның информатика пәнінің мұғалімі Ембердиева Айман, №7 ОМ-ның физика пәнінің мұғалімі Абиева Адемі-ау, №32 ОМ-ның химия пәнінің мұғалімі Старцева Ольга 2017-2018 оқу жылынан бастап, 7-8 сынып оқушыларына пәндік білімді меңгертуде ағылшын тілін кіріктіріп отыр. Осы аталған мектептер облыстық білім басқармасының бұйрығымен пилоттық режимдегі мектептер қатарына тіркелді. 2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогилық шеберлік орталығының базасында  №1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 16, 17, 18, 20, 22, 31, 32, 35, 41, 43, 51 орта мектептерінен барлығы 30 мұғалім 11 апталық, 4 және 10 айлық ағылшын тілін деңгей-деңгейімен меңгеру курстарында білімдерін жетілдіруде.  2020 жылдан бастап жоғарыда аталған жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндердің оқытылуы ағылшын тіліне түбегейлі көшіріледі деп жоспарланып отыр.

      Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекеге қабілетті болу мақсатында ағымдағы 2017-2018 оқу жылынан бастап  аудандағы білім беру мекемелері жаңатырған білім беру мазмұны бағдарламасы аясында 5-күндік оқуға көшті. 

       Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамту бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 5374 бала қамтылып, 1-6 жас аралығында 49% болса, бүгінгі таңда 6489 баланы қамтыды. Бұл көрсеткішті Жаңатұрмыс ауылындағы «Әкежан» 50 орындық жекеменшік балабақшасының ашылуы мен  Қасық ауылындағы «Әлихан» балабақшасына 25, «Айсанаға» 75, Қордай ауылындағы «Сәби-мерейге» 30, «Нұр-Мүбәрәк сезімге»  25, «Айлана шуаққа» 15 орындық қосымша топтардың қосылуы есебінен 1-6 жас аралығындағы көрсеткіш 57,6 пайызға, 3-6 жас аралығында 81,1 пайызға көтеруді жоспарлап отыр.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын ілгерілету жөніндегі науқанның көрнекіліктері (банерлер) 48 білім және 21 мектепке дейінгі білім мекемелерінің ғимараттарында орналастырылды.

БАНЕРЛЕР

Описание: C:\Users\DUAL\Downloads\IMG-20170925-WA0007.jpg

СТЕНДТЕР

 

Елбасымыздың бағдарламалық мақаласындағы мақсат-міндеттерді іске асыру мақсатында білім бөліміне қарасты мекемелерінің басшыларының және білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт  көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»   атты бағдарламалық мақаласын талқылау 28 сәуір күні №6 орта мектебінде өтті.  Аталған іс-шараға 97 адам қатысты.  

 

          Ағымдағы жылдың 24-27 сәуір аралығында жалпы білім беретін мектептердің 5-11  сынып  оқушылары арасында «Қазақстан -  менің алтын бесігім» атты аудандық шығармалар байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша оқушылар марапатталып, облыстық байқауға жодама алды.

Жалпы білім беретін мектептердің 5-11  сынып  оқушылары арасында «Менің Отаным -Қазақстан» атты бірыңғай  ашық сынып сағаттары өтті.

1 маусым күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін  бастауыш сынып оқушылары арасында  «Менің Отаным –Қазақстан!» атты асфальтта сурет салу байқаулары 21 балабақшаларда және 37 білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды.

2017-2018 оқу жылының 12 қыркүйек күні «Отбасы- бақыт мекені» атты  декада аясында «Отбасы – рухани жаңғыру  негізі» сынып сағаттар өткізілді.

           Қыркүйек айының 15-і күні №51 орта мектебінің базасында «Домбырам, жүрегіммен үндес едің...» Ақан Серінің 175 жылдық мерейтойына арналған оқушылар арасындағы аудандық домбырашылар байқауы ұйымдастырылып, оған 19 мектептен 25 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қолына қазақтың қасиетті қара домбырасын ұстаған қазақ балаларынан басқа, №1 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы, орыс қызы Шейкина Светлана қатысып, домбыраның құлағында ойнауы байқаудың ерекшелігі болды.

 

Байқаудан көрініс

Описание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\домбырашылар\IMG-20170919-WA0027.jpgОписание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\домбырашылар\IMG-20170919-WA0059.jpg

 

 

      Қыркүйек айының 16-ы күні  Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Жаңғыру бағытындағы мемлекеттік тілдің рөлі мен ағылшын тілінің қажеттілігі» тақырыбында аудан деңгейінде дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге аудан мектептерінен қазақ, орыс, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері мен ата-аналар, оқушылар қатысып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды.

          Қыркүйек айының 18-22 күндері аралығында аудан мектептерінде «Ұлттың тамыры- ана тілден» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

        Қыркүйек айының 22-і күні №51 орта мектебінде «Үштілділік- табыстылықтың факторы» тақырыбында аудандық фестиваль ұйымдастырылып, оған аудан мектептерінен  қазақ, орыс, ағылшын тілінен 48 пән мұғалімдері қатысты. Ұйымдастырушылар келген қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады. Мектептің фойесін ұлттық дәстүрмен безендіріп, ұстаздар мен оқушылардан құралған ұлт-аспаптық оркестр қазақтың күйлерін орындап, оқушылар асық атып, қыз балалар ұлттық ойындар үлгісін көрсетіп, әжелер қымыз сапырып, ұршық иіріп, қазақ ауылының тамаша үлгісін көз алдымызға әкелді.

Фестивальдан көрініс

Описание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\фестиваль\20170922_092723.jpgОписание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\фестиваль\20170922_092620.jpg

Қыркүйек айының 26-да оқушылар арасындағы «Қасиетін сезем деп ана тілдің...» атты аудандық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауыұйымдастырылып, оған 31 мектептен  31 оқушы қатысты. №4,27,34,42 орта мектептерінің  дарынды оқушылары прозалық, поэзиялық шығармаларды жатқа мәнерлеп оқып қана қоймай, тамаша сахналық қойылымдармен жеткізе білді.

 

Байқаудан көрініс

Описание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\көркем сөз оқу\20170926_101225.jpgОписание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\көркем сөз оқу\көркем сөз\20170926_103531.jpg

 

Описание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\көркем сөз оқу\көркем сөз\20170926_110955.jpgОписание: C:\Users\Шолпан Т\Desktop\Тіл мерекесі 2017\көркем сөз оқу\көркем сөз\20170926_105625.jpg

 

Қыркүйек айының 28-де 20-30 жас аралығындағы жас мамандар арасында «Жаңғыру жолындағы жарқын белесім» аудандық байқау ұйымдастырылып, оған 24 жас маман қатысты. №1,4,14,17,29,31, 32, 47 орта мектептерінің ұстаздары үздіктер қатарынан көрінді.

Байқауға қатысушыларға төмендегідей талаптар қойылды:

1.«Жаңғыру жолындағы жарқын белесім»атты тақырып аясында өзінің жаңғыруын, елінің жаңғыруын болашақта қалай көреді және сол бағытта қандай істер атқарып отыр? деген сұраққа жауап іздеу (7-10 минуттық слайд);

2.«Әркімнің туған тілі- өзіне жұмақ»тақырыбында эссе жазу;

3.Атақты ақын-жазушылардың шығармаларынан жатқа үзінді оқу.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен аудандық білім бөлімінің дипломдары табыс етілді.

Ұйымдастырылған  іс-шаралар жайында аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде мақалалар жарық көріп отырды.

 

 

№51 орта мектептің базасында «Менің өлкемнің ақын-жазушылары» атты кездесу кеші өтті. Аталған кештің мақсаты: жыр жұлдыздарымыздың өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеп, шығармашыларымен танысып,  поэзияны сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: ақын шығармаларынан «Көркем сөздің жұлдыздары» атты кітап көрмесі, ақындар өмірінен слайд. Кешке ауданның ақын-жазушылары Әбдірәсілов Талғат Мырзақұлұлы, Самақова Шұға Әбдісейітқызы, Ыдырысқызы Анаркүл, Семетаев Берік Оразханұлы қатысты. Кешке қатысқан ақын-жазушыларымыздың, сонымен қатар белгілі себептермен қатыса алмаған, Алтыбаева Шарапат Исаққызының, Назаралы Әсел Мұхтарқызының өмірбаянымен мектеп кітапханашылары кеңінен таныстырып отырды. Кездесуге келген кеш қонақтары өздерінің шығармаларымен таныстырып, өмірдегі қызықты сәттерімен бөлісті. Оқушылар әңгілерді қызыға тыңдап, соңында сұрақтар қойды. Сұрақтарға ақындарымыз жауап бере отырып, соңында ән шырқап берді. Ыдырысқызы Анаркүл апай №51 орта мектептің кітапханасына «Жүректен жүрекке жеткен ән», «Аяулы жар, ардақты әке рухына» атты 2 кітабын сыйға тартты.

       Кештің тағы бір айта кететін қызықты сәті, кездесуге қатысушы оқушылардың ішінде №51 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әбіләшім Нұрбек, сол жерде шабыты ашылып, қонақтарға анрау жазды. Нүрбектің қонақтарға арнауы:

 

Ақындарым келді деді жырлайтын,

Елін  жырлап , бір сәт қарап тұрмайтын.

Мақтанамын,  ақындармен   марқаям,

Ақындардың бос уақыты болмайды.

 

Әсел, Зураш, Анаркүлдер тағы бар,

Талғат сынды ақындарды танып ал.

Өлең оқып, өлең жазам мен дағы

Өлең ғана ақындарға бағынар.

 

Қанша ақын туып, өскен бұл мекен

Ақындары өлеңменен тербеткен.

Келді міне мектебіме бүгінде

Қарсы алыңдар ақындарды құрметпен!

 

Ей, адамдар, ақындарды таныңдар,

Ақын ғана от болып жанып жалындар.

Қош келдіңіз мектебімнің төріне

Ақындардан үлкен сабақ алыңдар!

 

Кездесу кеші №51 орта мектептің 9 сынып оқушыларының орындауындағы «Кітапты бірге оқимыз» атты флешмоб биімен аяқталды.

Кеш соңында келген қонақтарға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етіліп, түскі ас берілді.

 

Аталған іс-шара жергілікті «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» газетінде 2017 жылдың 11 қазан күні №80 басылымында жарияланды. 

 

 

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
 Аудандық  инновациялық идеялар байқауы өткізілді

 

Аудандық «Көктемгі туриадасы» 10 «Жас туристер» жасақтары арасында жарыстар мен байқаулар өткізілді.

 

Жергілікті бюджет есебінен 1189 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған және көп балалы  отбасыларынан шыққан оқушылар және олардың 50 жетекшілері ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне  қатысу үшін Астана қаласына жіберілді.

 

 

2017 жылдың маусым айында қосымша білім беру тәрбиеленушілерінің

«Туған өлкеме саяхат»

 

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Г.Самакова,

әдіскері У.Алимкулова