Қордай ауданының жалпы орта және негізгі білім беру мекемелерінің басшыларына

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының2017 жылғы 17 қазандағы 01-3554 хатына сәйкес, Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамдағы» жоспары бес институционалдық реформасын 87-ші қадамды жүзеге асырудың аясында Сыртқы істер министрлігі жасаған «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын одан әрі танымал ету туралы келесіні хабарлайды.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.

Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған, сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі. Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.

Қосымша Windows, Apple, Android жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы – 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым.

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Отандық дипломаттар қосымшаны шетелдік әріптестерімен кездесулер мен презентациялар барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарату алады. Шетелдіктерді әсіресе Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады.Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Олүшініздеужолағына– Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізуқажет.

Тікелейсілтемелер:

AppStore – https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8

Play Market – https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan

Жеке компьютерде пайдалану үшін Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы (www.mfa.gov.kz) Windows-нұсқасын орнату мүмкіндігі бар.

Қосымшатуралымәлімет:

· әрқайсысындажеке фотогалереясы бар 68 тарау;

· Барлығы 370-тен астамфотосурет;

· 24 бейнеролик;

· 12 3D объектісі;

· 20 панорамалықфотосурет

· 12 интерактивті 3D кескін;

· 4 интерактивті 3D картасы.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын таныстыратын қысқаша бейнероликпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw.