Табиғатты аяла

2018 жылдың 5 сәуір күні Тараз қаласында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумына Қордай ауданының делегациясы барып қайтты.

Форумға қатысушылар «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Экоәлем», «Қалдықтардан - табысқа», «Денсаулық және қоршаған орта», «Мерейтойыңмен, Астана!», Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» номинациялары бойынша жарыстарға қатысып, Қордай ауданының командасы ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. «Қалдықтардан - табысқа» номинациясы бойынша №2 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушылары Мұсахан Алтынбек, Әскербек Дильназ жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Білім бөлімінің әдіскері А.Нуркеева

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында Қордай ауданының Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің 7 «А» сынып оқушылары аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Нуркеевамен 31 наурыз күні Алматы қаласына экскурсияға барды. Экскурсияның бағыттары: «Медеу» мұзайдыны, «Көктөбе» демалыс орны, «28 гвардияшыл-панфиловшылар » саябағы, «Музыкалық аспаптар» мұражайы. Оқушылар бұл экскурсиядан көптеген мәлімет алып, ғажайып әсер алды.

Білім бөлімінің әдіскері А.Нуркеева

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында қарастырылған «Саналы азамат» бағыты бойынша «BUSINESS» кіші жобасында 2018 жылдың 10 мамыр күні «Бизнес баспалдағымен» экономикалық ойынның облыстық кезеңі өткізілді. Ойынға жалпы орта білім беретін мектептердің 8-9 сыныптың оқушылары қатыстырылды.Барлығы 12 команда қатысты. Қордай ауданынан Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары қатысты, жетекшілері тарих пәнінің мұғалімі Сатубалдиева Ботагөз.

Ойынның мақсаты: облыс мектептерінің оқушыларын білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, экономикалық білімдерімен мүдделерінің ауқымын кеңейту. Тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін анықтап, экономикалық және құқықтық мәдениет дағдыларын, ұжымдастыруды қалыптастыру. Экономикалық сауатты, кәсіпкерлікке бейім жастарды тәрбиелау үшін жағдай жасау. Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.

Бұл экономикалық ойынның нәтижесі бойынша Қордай ауданының командасы және жетекшісі алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.

Білім бөлімінің әдіскері А.Нуркеева

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында.

Қордай ауданының оқушылары Шу ауданына экскурсияға барды. Шу ауданының «Балалар және жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының директоры Көбеева Рахия Сейсенбиевна қарсы алды. Қордай ауданынан барған қонақтарды Шу ауданының көрікті жерлеріне, тарихи мұражайларына апарды. Төле бидің, Ерке сылқым, Ақша батыр ескеткіштеріне, орталық саябаққа, ежелгі Баласағұн қаласының орнына саяхатқа барды. Оқушылар бұл экскурсиядан өте көп мәліметтер алды, әсіресе Баласағұн қалашығының орынына барғанда оқушылардың орта ғасырлар тарихына деген қызығушылықтары артты.

Білім бөлімінің әдіскері А.Нуркеева