Қордай ауданының оқушылары мұражай, экскурсия сабақтарына қатысуы бойынша мәлімет

Қордай ауданында 48 мектеп бар, оның ішінде 39 орта мектеп, 8 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп. Биылғы оқу жылында қыркүйек, қазан айларында №1,2,7,8,9,13,31 орта мектептері мұражайларға оқушыларын апарды. Ол мектептер №1 мектеп- гимназиясы Түркістан қаласы. Қ.А. Йассауи кесенесіне, Тараз қаласы, Қарахан батыр, киелі қала мұражайына, Қарахан батыр, Айша бибі кесенелеріне, №2 орта мектебі Баласағұн қалашығына, №7 орта мектебі Өтеген батыр зираты ашық аспан астындағы мұражайға (құлпытас), Қордай ауылының өлкетану мұражайына, №8орта мектебі Өтеген батыр кесенесіне, №9 орта мектебі Алматы қаласының орталық мұражайына, Кекілік Сеңгір, Майтөбе, Кенесары хан ескерткішіне, №31 орта мектебі «Әлжан ана» өлкетану мұражайына оқушыларын апарды. Барлығы қамтылған оқушылар саны: 450.

Тарих пәнінің әдіскері: А.Нуркеева