«Үздік педагог»

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі 2023 жылдың шілде айында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.

1. Осы «Үздік педагог» атағын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) аудандық кезеңінің дайындық және өткізу жұмыстары Ереже негізінде жүзеге асырылады.

3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңі "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы", Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 157 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.

Міндеттері:

• заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлердің озық іс-тәжірибелерін тарату;

• білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;

• шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагог қызметкерлерге қолдау көрсету.

Сілтемесі төменде:

https://uba.edu.kz/storage/app/media/2022%20%D0%9E%D2%9B%D1%83-%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA%20%D2%B1%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%80/%D0%98%D0%A1%D0%A1%D0%9E/26.06_%D0%A3%D0%B7%D0%B4%D0%B8%D0%BA%20%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3_%D1%81%D0%B0%D0%B9%D1%82.pdf