Хабарландыру

Төмендегі қағидалар бойынша Қордай ауданы Сортөбе  ауылындағы  № 18 Сортөбе орта  мектебінде   Қамқоршылық кеңес құрылады.

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

 

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Өз ұсыныстарыңызды қосуларыңызды сұраймыз!

Мекен-жайымыз: 080413, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай  ауданы, Сортөбе  ауылы, Школьная көшесі №49а үй.
Электрондық адрес: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«№18 Сортөбе орта мектебі» КММ-нің директоры:                 И.М.Бицаров