Бала тәрбиесі басты назарда

«Тәрбие негізі отбасында қаланады», тақырыбында №2 М. Ломоносов атындағы орта мектепте Елбасымыздың «рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының аясында аудандық семинар практикум өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: отбасындағы тәрбиенің басты міндеттері, жасөспірімдер арасында қылмыстың азаймай тұруы. Осы мақсатта арнайы шақыртылған, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет, педагог-зейткер Т.Гранкина, оқушылармен ата-аналар бас қосқан кездесуді аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Б. Самақова ашып берді.

Семинар барысында аудан мектептерінің алдыңғы қатарлы білікті ұстаздары, оқушылар арасында қылмыстың азаюына бағытталған баяндамалар оқылып, ашық сабақтар, коучингтер мен ток-шоуды ұсынды. «Бұл мәселемен бірыңғай мектеп емес, қоғам болып күрессек қана рухымыздың жаңарып, болашағымыздың бағдарлы болады» деген түйінге келді ұстаздар. Ток-шоу, коучинг, шеберлік сағаттары мен ашық сабақтарды қорытындылап сөз кезегін аудандық білім бөлімнің әдіскері У.Алимкулова алды. Ұйымдастырылған кездесудің жоғары деңгейде өткенін жеткізіп, мектеп директоры мен ұжымына алғысын айтты. Бұдан әрі аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Ә. Әлімбет аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің атқарып жатқан жұмыстары туралы толық мәлімет берді. Алдағы уақытта, «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында, ата-аналардың қатысуымен осындай іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігін ұсынды. Жиын соңында аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Б. Самақова былтырғы жылмен салыстырғанда ауданымызда оқушылар арасындағы қылмыстың азайғанымен, облыста әлі күнге бұл жағынан бірінші орында тұрғанымызды өкінішпен жеткізді. №2 М. Ломоносов атындағы мектеп директоры Г.Б. Байсуанованың сөзінше, тек мектеп, ата-ана, қоғам біріксе ғана бала тәрбиесі дұрысталады.