«Қыз қылығы түзде»... болмасын – тақырыбындағы конференция мәліметі

«Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер  туған айдай жүзі жарқын.

Үлкендердің алдын кесіп сөз сөйлемес

Халқының  сақтай білген ізгі салтың.- дегендей қазіргі таңда қыз тәрбиесі қоғамда басты мәселе болып тұрғаны аян. Абай атамыз «Жаман тәрбие – болашақтағы қайғыңыз» деген. Қыздың абыройы мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары. Қыз әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, ізеттілігімен, иманды, инабаттылығымен сыйлы. «Қызға қырық үйден тыю, қала берді есіктегі қара құлдан тыю» деген аталы сөз, желкілдеп өскен қыр қызғалдағына көрсетілген қысым емес, қайта пәк күйінде құлпырып өссін, жаман аттан аулақ болсын дегені. Ендеше  осындай ибалы қызды тәрбиелейтін аналар мен апалар қайда? деген сұрақ туындайды. Осы  сұрақтарды бірге шешу мақсатында № 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде «Қыз қылығы түзде»... болмасын тақырыбында кеңейтілген семинар өтті. Оны ұйымдастырушы  Қордай ауылы округының әкімінің апаратының бас маманы Абсейітов А.Ж.пен мектеп директоры Саурукова Ч.К., мектеп психологтары Г.Бошаева, М.Абильдиновалардың   қолдауларымен өткізілді.Семинарғақатысқан Қордай АІІБ жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы Амиров М.К. осы мәселе бойынша ащщы шындықты жеткізді, яғни өткен жылы кәмелетке толмаған қыздардың 15-і ерте жыныстық қатынасқа барса, 2016 жылдың басынан-ақ 15 қыз осындай жолға барған. Мұндай жолға барған қыздар тек есепке тіркеліп қана қоймай, 122 бап бойынша 5 жылға дейін жазаға тартылатын болса,  олардың  ата-аналарына  қыз тәрбиесіне немқұрайды қарағаны үшін 127 бап бойынша жауапқа тартылғандығын ескертті. Сонымен қатар бір қыз арнайы мектепке орналастырылса, біреуінің ата-анасына елу мың айыппұл салынған. «Қыздың орны қашанда төр болу керек, қыздарға әсемдікке талпыну қолдарынан келеді, мен деген қазақ қызына лайық болыңдар» деп қыздарға сенім артқан «Махаббат» халықтық ансамблінің көркемдік жетекшісі Жазықбаева З.Е.өз тарапынан ақылын айтса орталық аурухана психологы Е.Бедешева, мектептің ата-аналар комитетінің мүшелері өз ойларымен бөлісті. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Самакова Г.Б. бойындағы ибалық қасиеттерді ешқашан жоғалтпайтын қазақ қыздары болуларына шақырып, республикалық «Қыз Жібек» бағдарламасына қолдау көрсетулеріне шақырды. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары С.Баденова мектепте осы бағдарлама аясында «Сымбат» қыздар клубының жұмысы ұйымдастырылғанын айтты. Мектептің жоғары сынып оқушылары семинарға белсенді қатысып, келген қонақтарға сұрақтар қойды. Ауқымды семинарды ұйымдастырған ауылдық округтің маманына  Чинара Каналбаевна өз тарапынан алғыс айтты.