Баланың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің, отбасы мен қоғамның рөлі

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі жас ұрпақтың бойында рұхани-адамгершілік қаситеттердің қалыптасуына ықпал ететін, олардың құқықтарын қорғап, жайсыз отбасыларында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 2017 жылдың 26 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Баланың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің, отбасы мен қоғамның рөлі» тақырыбында аудандық кеңейтілген ата-аналар жиналысы ұйымдастырылғандығы  туралы хабардайды.

Жиналыс Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған мақсат-міндеттерді орындау мақсатында өтіп, аудандық прокуратурасының қызметкерлері, АІІБ ЖПҚ КТІЖБ-нің қызметкерлері, аудан әкімдігінің білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері, аудан әкімдігінің АХАЖ бөлімінің басшысы С.Балпукова, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары, ауыл имамдары, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымдары мен ата-аналар, мектеп директорлары мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары,  колледж директорлары, колледж директорының орынбасарлары, колледж студенттерінің ата-аналары, балабақша  меңгерушілері – жалпы 448 қатысушы қамтылды.

Жиналыстық күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

1. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтар жағдайы - баяндамашы Қордай АІІБ ЖПҚ басшысының м.а. Бектаев Әсет Саурамбайұлы 

2. «Оқушылардың бойында ұлттық сананы қалыптастырудағы мектеп пен отбасының рөлі» - баяндамашы аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Самакова Гулмира Батралықызы 

3. Аудандағы жасөспірімдердің мәселері – баяндамашы аудандық орталық ауруханасының жасөспірімдердің дәрігері Тлемисова Бақыт Мадиомарқызы

4.  «Заңды некеге тұру тәртібі және оның ерекшіліктері, аудан бойынша орын алған жағдайлар» - Қордай ауданы әкімдігінің АХАЖ бөлімінің басшысы Балпукова Салтанат Қанатбекқызы

5. «Неке қию тәртібі» - қосымша баяндамашыҚордай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Сатылганов Асқар Зәкіржанұлы

6. «Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы» - баяндамашы аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Абдыкалыкова Кенескул Оразалиевна

Баяндамалар оқыту арасында арнайы дайындалған жасөспірімдердің тәрбиесіне арналған бейнетаспалар көрсетілді. 

Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәрбие мәселесі бойынша мобильдік лекторлық топ мүшелері, жийынға қатысушылардың бастамасымен жарыссөз кезеңіне өтіп, ата-аналар өткізген жиналыс үшін ризалықтарын білдіріп, болашақта осындай құқықтық оқыту жиналыстарын өткізіп тұруды қолдады.