Хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін көрсетушілерді ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және қызмет көрсетушілер тізіміне енгізу бойынша конкурс (әрі қарай - Конкурс) жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурс Сарыбұлақ және Жамбыл ауылдық округтері бойынша өткізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша орналастырылады:
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту қызметтері;
- қысқа мерзімді және толық күнді топтар.
Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі;
- өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкестігі;
- терроризмге қарсы қорғау талаптарына сәйкестігі;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдайлардың болуы (бар болған жағдайда);
- жабдықтармен және жиһазбен белгіленген нормаларға сәйкес қамтамасыз етілуі;
- тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы;
- тиісті білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- Белгіленген нысан бойынша өтініш;
- Бейнебақылау жүйелерінің, автоматты өрт дабылының, дабыл түймесінің, дыбыстық хабарлау және домофон жүйесінің болуы туралы мәлімет;
- Медициналық қызмет көрсетуге арналған шарт (сыйымдылығы 3 топқа дейінгі ұйымдар үшін);
-  Педагогтердің білімі туралы құжаттарының көшірмелері және штат кестесі;
- Ғимаратты немесе үй-жайды жалдау шартының көшірмесі (бар болған жағдайда).

Қосымша ұсынылатын құжаттар:

- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметінің басталғаны туралы хабарлама («электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы);
- 3 топтан артық ұйымдар үшін медициналық қызметке лицензия;
- заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
- салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама (құжат тапсырған күнге дейін 1 айдан аспайтын).

Конкурстық өтінімдерді қабылдау тәртібі:
    Құжаттар мөрленген, жабық конвертте келесі мекенжай бойынша қабылданады:
- Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, №273, Қордай ауданының білім бөлімі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 2026 жылғы 20 наурыздан бастап 2026 жылғы 31 наурыз сағат 18:00-ге дейін.
Конкурстық комиссия отырысы:
- 2026 жылғы 2 сәуір (қажет болған жағдайда қосымша хабарланады).
Қосымша ақпаратты 87017675103, 8726362-10-43 телефоны арқылы алуға болады.