«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскер лауазымдарына конкурс жариялайды

Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі №275 үй.
Байланыс номері: 8(72636) 2-10-43, 2-22-34
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бос тұрған әдіскер лауазымдарына конкурс жарияланады.
1. Ағылшын тілі пәнінің әдіскері (1 бірлік, тұрақты), еңбек ақысы – 187 000 тг.
2. Бастауыш сынып әдіскері (1 бірлік, тұрақты), еңбек ақысы – 187 000 тг.
3. Кітапханашы әдіскері (1 бірлік, уақытша), еңбек ақысы – 187 000 тг.
Негізгі функционалдық міндеттері:


Білуге міндетті: Аудан педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстар бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 
мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;
педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан (қала)педагогтерінің назарына жеткізеді;
оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады; 
педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: 
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі; 
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогика және жас психологиясы негіздері;
дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;
 әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
аудандар/қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог": 
қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;
бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;
"педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
 әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;
диагностика жүргізу;
педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;
ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;
ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;
аудан ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
3) "педагог-сарапшы": 
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;
     әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;
педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;
4) "педагог-зерттеуші":
      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;
     облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру; 
      қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
     бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;
      5) "педагог-шебер":
      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
      қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;
      облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру, 
      қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу; 
      қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат (магистратура); конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы міндетті. «Педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» біліктілік санаттарының, «педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының болуы міндетті. 
    Білім беру мекемелерінде оқулықтардың кітапхана қорын жасауға, кітап қорының сақталуына бақылау жасайды; Мектептерді оқулықтармен және оқу әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді, талдайды, есебін жүргізеді, жинақтайды, есеп береді; Мектеп кітапханашыларының жұмысына бақылау жасайды, қажетті көмек көрсетеді, курстан өтуін жоспарлайды; Семинарлар, түрлі кәсіптік байқаулар мен шаралар ұйымдастырып, өткізеді; Жыл сайын жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» атты байқау ұйымдастырады; Жыл сайын «Кітапхана-сапалы білімнің кепілі» атты семинар өткізеді; Пән бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру қысқа мерзімді курстарына жіберуді ұйымдастырады, есепке алады
     Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 7-17 тамызы аралығында.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді: 
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
         7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 
        8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы       анықтама;
         9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес);
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы: 
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
         6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса); 
7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат;         
8) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Конкурстық құжаттар Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, №275 мекен-жайында Қордай аудандық білім бөлімінің кадр бөлімінде немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. эл.пошта қабылданады.