Хабарландыру

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында құрылатын қамқоршылық кеңестің ережелері:

1) Білім беру ұйымдарында білім алушылардың құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2) Білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылаудың орындалуын қадағалайды;

3) Қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешіміне белсенді қатысады;

4) Білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және\немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

5) Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

6) Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

7) Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалрды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

8) Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

9) Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға, жиындар мен әр түрлі іс-шараларға қатысады;

10) Білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға жасалған жағдайлармен танысады және сол жағдайдың жақсаруына қолдау көрсетеді;

11) Білім беру ұйымының психологінің қатысуымен тәртібі қиын оқушыларымен түзету жұмыстарына көмек көрсетеді.

 

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы

мектеп-гимназиясының директоры С.Саргаскаева