Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №1 хаттама.
Қордай ауылы 26.01.2018 жыл
Қатысқандар:
Тулебеков М.А.
Матышева Г.Д.
Сакенова М.Р.
Заурбаева С.С.
Садыков Н.Е.
Бурлова О.Л.
Мехтиева А.В.
Купесбай Қ.Ж.
Усербаева Қ.К.
Аязбаева М.С.
Қаралған мәселелер:
Жоғарыдағы айтылған біріші мәселе бойынша алғы сөзді Аязбаева М.С. алды. Ол Қамқоршылар кеңесінің мүшелерін толығымен Қамқоршылық кеңес туралы ережелермен және оның атқаратын қызметімен таныстырды.
Екінші мәселе бойынша Тулебеков М.А. сөз алып, ол Қамқоршылық кеңесінің құрамына кіру үшін қандай құжаттар қажет екенін атап, мүшелерді сол құжаттарды тездетіп жинауын сұрады.
Әр түрлі мәселелер бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аязбаева М.С. сөз алып 17 ақпанда болатын «Тәуелсіз елдің Ұлағатты ұстаздары» атты фестивальға мектеп ұжымы ат салысатынын айтып, мектеп ішінде фестивальға арнайы 28 ұстаздан құралған би тобы мүшелерінің костюмдеріне қаржылай көмек көрсетуін сұрады.
Шешімі: Қамқоршылық кеңесінің мүшелері жалпы ережелерімен танысты. Қамқоршылық кеңес құрамына кіру үшін тиісті құжаттарды өткізуге келісті. Қамқоршылық кеңесі атынан мектеп ұстаздарына 17 ақпанда болатын «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары » атты фестивальға 28 ұстаздан құралған би тобы мүшелернің костюмдеріне қаржылай көмек көрсететіндерін айтты.
Хатшы: Сакенова Маржан Рахымжановна
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №2 хаттама.
Қордай ауылы 20.02.2018 жыл
Қатысқандар:
Тулебеков М.А. – Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Матышева Г.Д. – Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары
Сакенова М.Р. – Қамқоршылық кеңесінің хатшысы
Заурбаева С.С. – Қамқоршылық кеңеснің мүшесі
Садыков Н.Е. - Қамқоршылық кеңеснің мүшесі
Бурлова О.Л. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Мехтиева А.В. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Купесбай Қ.Ж. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Усербаева Қ.К. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Аязбаева М.С. – Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары
Қаралған мәселелер:
Жоғарыдағы айтылған бірінші мәселе бойынша алғы сөзді Аязбаева М.С. алды. Ол Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін ресми түрде бекітілгенімен құттықтап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың жоспарын құруға және сол жоспар бойынша жұмыс атқаруға шақырды.
Келесі болып сөз кезегін Тулебеков М.А. алды. Ол Қамқоршылық кеңесінің құрамындағы мүшелердің атқаратын қызметтерін белгілеу үшін сайлау жүргізді. Ол келесі мүшелерді мынадай қызмет атқаруын ұсынды. Матышева Г.Д. – Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары. Сакенова М.Р.- Қамқоршылық кеңесінің хатшысы.
Шешімі: Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелері жоспар құрып, жұмыс барысында сол жоспарды ұстанатындарын айтты.
Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бір ауыздан шешім қабылдап, Матышева Г.Д. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары және Сакенова М.Р. Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып сайланды.
Хатшы: Сакенова Маржан Рахымжановна
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №3 хаттама.
Қордай ауылы 19.03.2018 жыл
Қатысқандар:
Тулебеков М.А. - Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Матышева Г.Д. - Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары
Сакенова М.Р. - Қамқоршылық кеңесінің хатшысы
Заурбаева С.С. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Садыков Н.Е. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Бурлова О.Л. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Мехтиева А.В. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Купесбай Қ.Ж. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Усербаева Қ.К. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Аязбаева М.С. - Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары
Саргаскаева С.С.- Мектеп директоры
Қаралған мәселелер:
Бірінші мәселе бойынша алғы сөзді мектеп директоры Саргаскаева С.С. алды. Ол Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін мектеп жағдайымен таныстырып, мектептің ауласын көгалдандыру кезінде кездесетін су тапшылығы мәселесі туралы да айтып өтті. Сөз барысында Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінен осы мәселені шешу үшін қандай ұсыныс жасайтындарын сұрады. Айтылған мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тулебеков М.А. сөз алды. Ол Қамқоршылық кеңесі атынан мектептің артқы ауласына колонка қақтыруды ұсынды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бұл ұсынысқа түгелдей келісті.
Екінші мәселе бойынша сөз кезегін Аязбаева М.С. алды. Ол Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін жоспар бойынша мектептегі дарынды және талантты балаларға қолдау көрсетуге шақырды. Алдағы болатын КИО байқаулары мен басқа да әр-түрлі жарыстар туралы Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін хабардар етті.
Шешімі: Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз қаражатынан мектептің артқы ауласына колонка қақтыратындарын шешті. Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің мүшелері дарынды және талантты балаларды қолдау үшін мектептің ата-аналарымен тығыз байланыста болатынын айтып, ата-аналар жиналсын өткізетінін туралы шешім қабылдады.
Хатшы: Сакенова Маржан Рахымжановна
Бекітемін
______________
№1 Дінмұхамед Қонаев
атындағы мектеп-гимназиясының
директоры С. Саргаскаева
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гиназиясының 2018 жылына арналған қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары
№ |
Іс-шаралар атауы |
Орындалу мерзімі |
Орындаушылар |
1 |
Қамқоршылық кеңесінің құрылуы туралы аудандық білім бөлімінің сайтына хабарландыру жариялау |
желтоқсан |
Мектеп әкімшілігі |
2 |
Мектепте «Қамқоршылық кеңесін құру», құрамын сайлау. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің тізімін аудандық білім бөлімі басшысына бекіту. Кеңестің құрамындағы мүшелерінің атқаратын қызметтерін белгілеу. |
ақпан |
Мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері. Қамқоршылық кеңес |
3 |
Әр түрлі мектепішілік іс-шараларға, конференция, жиналыс, семинарға қатысу. «Күзгі балл», «Жаңа жыл», «Наурыз» тағы басқа мерекелік іс – шараларды ұйымдастыруға көмектесу. |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңес |
4 |
Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұядан шыққан балаларды анықтау және балаларына көмек көрсету. |
Жыл бойы |
Әлеуметтік педагог Қамқоршылық кеңес |
5 |
Әр-түрлі қамқорлық акцияларына қатысу |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңес |
6 |
Дарынды және талантты балаларға қолдау көрсету. Олардың шыңдалуына арналған шараларға көмек беру. |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңес |
7 |
Мектептің рейтингі мен мектептің дамуына арналған жұмыстарға қолдау көрсетіп, ат салысу. |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңес |
8 |
Мектептің материалдық –техникалық базасын нығайтуға белсенді түрде қатысу |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңес |
9 |
Қамқоршылық кеңесімен ата-аналар жиналысының отырыстарын өткізу. Белсенді ата-аналар мен сынып жетекшілерімен кеңес өткізу. |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңес |
10 |
Қамқоршылық кеңесінің отырыстарын өткізу |
Ай сайын |
Қамқоршылық кеңес |
10 |
Мектеп оқушыларының оқу барысында құқықтарының сақталуын қадағалау |
Жыл бойы |
Құқық жөніндегі директордың орынбасары Қамқоршылық кеңес |
11 |
Оқушылардың сабаққа қатысуын және тәртібін бақылауға алуға көмектесу, Оқу барысындағы мектептің тәрбие жұмысына арналған іс-шараларға қолдау көрсетіп, қатысу. |
Жыл бойы |
Құқық бойынша директордың орынбасары, Директорыдың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қамқоршылық кеңес |
12 |
Мектептегі оқушыларға жасалған жағдайлармен танысу және оқушылармен ерекше жағдайларда мектеп психологының қатысуымен әңгіме жүргізу. |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңес Мектеп психологы |
13 |
«Сенім телефоны» және «сенім жәшігі» жұмысын ұйымдастыру. |
Жыл бойы |
Мектеп әкімшілігі Қамқоршылық кеңес |
15 |
Қамқоршылар кеңесінің мүшелері үшін ашық есік шарасын ұйымдастыру. |
қыркүйек |
Қамқоршылық кеңес |
16 |
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруға көмектесу. |
мамыр |
Мектеп әкімшлігі Қамқоршылық кеңес |
17 |
Мектеп басшысының жарты жыл және жыл бойы оқу барысында атқарылған жұмыстары бойынша есептерін тыңдау. |
Желтоқсан, мамыр |
Мектеп әкімшілігі Қамқоршылық кеңес |
18 |
Қамқоршылық кеңесінің жарты жылдық және жылдық есептерін тыңдау |
Желтоқсан, мамыр |
Қамқоршылық кеңес Ата-аналар |
Жамбыл облысы Қордай ауданы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры С.Саргаскаеваның 2017 – 2018 о.ж.
І жартыжылдығы бойынша Қамқоршылық кеңесіне есебі.
Бүгінгі таңда мектепте 2-тоқсан қорытындысы бойынша 1452 оқушы білім алуда. Онің ішінде 115-і үздік, 562-сі екпінді, 535-і орташа оқиды. Білім сапасы 55%, үлгерімі 100%. Ұстаздар саны – 122, контингенті жоғары: 119 мұғалімнің жоғары, 3 мұғалімнің арнаулы орта білімі бар. 40 ұстаз жоғары, 25 ұстаз І және 26 ұстаз ІІ санатты. 28 мұғалім деңгейлік курстарды бітіріп, сертификатталған. Мектеп директоры мен оның орынбасары ҚР білім беру ұйымдарының басшыларының 9 айлық курсын тәмамдаған. Жаңартылған білім мазмұны бойынша тамыз айынан бастап 29 мұғалім, Тәжірибедегі рефлексия – 4, Критериалды бағалау – 2, ағылшын тілінде пәндерді оқыту бойынша 4 мұғалім біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.
2017 жылғы облыстық білім ұйымдарының рейтингісінде мектеп-гимназия ең биіктен көрініп, «Инновациялық режимде» жұмыс жасайтын бірден-бір мектеп атанды және «Табысты мектеп» номинациясы бойынша 500 000 теңге көлеміндегі ұтысты жеңіп алды.
ҰБТ бойынша мектеп жыл сайын ауданда ең жоғарғы көрсеткіштерді беріп жүр. 2017 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп, орта балл 98,2 болды.
Мектеп ұжымы – жаңалықты жатсынбай қарсы алып, өздерінің күнделікті жұмыстарына ұдайы қолдана білетін мамандар. Түрлі тақырыптардағы коучингтер, дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар сияқты іс-шараларға белсене қатысып, білім беру саласындағы жаңашылдықты жылдам қабылдай алуымен ерекшеленеді. Олар кәсіби қоғамдастық арқылы ауданның 14 мектебіне әдістемелік көмек көрсетіп, жаңа бағдарламаны енгізу бойынша жетекшілік етеді.
Мемлекеттік басшысының тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған саясатын басшылыққа ала отырып, мектеп оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытуғажәне жас таланттарды ашуғажағдай жасайды, дарынды балаларға қолдау көрсетеді. 2016 – 2017 оқу жылының өзінде 205 оқушы халықаралық, 233 оқушы республикалық, 19 оқушы облыстық әр түрлі олимпиадаларда, жарыстар мен байқауларда жүлделі орындарды иеленді. 2017 жылы «Тарландар» атты жас инспекторлар командасы Ғ.Байтасов атындағы облыстық жарыста Бас жүлдеге ие болып, ауыспалы кубогын ұтып алды. Өскемен қаласында өткен республикалық жарыста номинация бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Оқушылардың "Шаттық" хоры республикалық «Ғұмырдария» байқауында І орынды, халықаралық «Ғұмырдария» байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ республикалық «Ғұмырдария» байқауында бейнелеу өнері, би номинациялары бойынша шәкірттеріміздің І орын алғанын мақтанышпен айтуымызға болады.
2017 – 2018 оқу жылының І жартыжылдығында әр түрлі деңгейдегі білім сайыстарынан 164, өнер сайыстарынан 57, спорттық додадан 56 жүлделі орындардың дипломдары бар. «Шаттық» хорының ересектер тобы республикалық «Ақжелең» байқауында І орынды, «Шаттық» хорының кіші тобы да республикалық «Сайра, бұлбұл!» байқауында І орынды қанжығаға байлады. Республикалық «Ақ бота» зияткерлік жарысында 85 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 17 оқушы «Қазақстан Республикасының дарынды оқушылары» жинағына енгізілсе, 13 оқушы «Қазақстан Республикасының үздік оқушылары» жинағына енгізілуде.
Қамқоршылық кеңесіөткен 2016 – 2017 оқу жылынан бастап өз жұмысын мектеппен тығыз байланыста белсенді атқарып келеді.Олар әр түрлі іс-шараларға қатысып қана қоймай, мектептің дамуына және материалдық-техникалық базасының нығаюына барынша көмек көрсетуде. Мектептің 1-қабатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасақталған фойеде, 2-қабаттағы қабылдау бөлімінің алдында, мұғалімдер бөлмесінде жұмсақ жиһаз бен теледидар орнатылған. Жалпы мектептің бастауыш сыныптарының кабинеттері ата-аналардың көмегінің арқасында теледидармен жасақталған. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңесі мерекелік іс-шараларға белсене қатысып, концерттік бағдарламаларға атсалысып, мектепке әр түрлі сыйлықтар тарту етті және өздерінің мектеп өміріне деген қызығушылығы зор екенін тағы да айқындай түсті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізіндегі «Мектепке тағзым» акциясы аясында «Бір сәби – бір тал» атты мектеп аумағын көгалдандыруға арналған ауқымды іс-шара басталды. Мектепке жасалған тартулар: шкафтар, принтер, кресло, жаңажылдық кейіпкер киімдері, айналар, жұмсақ орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер, киім ілгіштер және т.б. мектептің материалды-техникалық базасын нығайтуға бағытталған. Мектепке келіп түскен барлық материалдық құндылықтар мектеп балансына қойылып, инвентарлануда.
№ 1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша 2017 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы өтті. Екі айға жуық өткен акция аралығында көмекке мұқтаж балаларғамұғалімдер ұжымы мен ата-аналар тарапынан материалдық көмектер көрсетілді. Жалпы «Мектепке жол» қамқорлық акциясы аясында мектеп тарапынан 25 балаға барлығы 337 250 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Аудандық білім бөлімі, бюджет тарапынан өткізілген тізім бойынша 12 балаға 10 000 теңгеден барлығы 120 000 теңге көмек көрсетілді. Жалпы «Мектепке жол» акциясы аясында барлығы 37 балаға 457 250 теңгені құрайтын көмек көрсетілді.
Мектептегі аз қамтылған 22 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2018 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында мектебімізде «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілүде. Акция шеңберінде қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында Қордай ауылында бекітілген аумақ бойынша орналасқан мейрамханаларға, автокөлік жуатын орындарға, компьютерлік клубтарға рейдттер жүргізілді. Акция шенберінде 10.01 – 20.01 күндері аралығында 11 оқушыға 123240 тенге сомасында көмек көрсетілді. Көмек оқу құралдарымен, аяқ киім, қыстық сырт киім, жылы қыстық киім түрінде қамтылды. Барлық көмек ата-аналар тарапынан көрсетілді.
Мектепте балаларға сапалы білім мен тәрбие беруге, балалардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасалған. Алайда шешімін күткен мәселелер әлі де бар. Қамқоршылық кеңестің, ата-аналар қоғамдастығының көмегімен білім сапасын арттыру, Ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасын көтеру, оқушылардың тәрбие деңгейінің артуы, құқықбұзушылықтың азаюыжәне әрі қарай да материалдық-техникалық базаны нығайта түсу мәселелері шешімін табады деп сенім білдіреміз.
Мектеп алға қарай нық сеніммен адымдап келеді. «Еліміздің ертеңі бүгіннен басталады» десек, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы өз миссиясын мектепке орасан көмек көрсетіп, серіктестік танытып отырған ата-аналардың арқасында абыроймен атқарып келеді.