Хаттамасы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №4 хаттама.

Қордай ауылы                                                               15.05.2018 жыл

Қатысқандар:

Тулебеков М.А. - Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Матышева Г.Д. -Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары

Сакенова М.Р. - Қамқоршылық кеңесінің хатшысы

Заурбаева С.С. -Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Садыков Н.Е. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Бурлова О.Л. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Мехтиева А.В. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Купесбай Қ.Ж. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Усербаева Қ.К. -Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Аязбаева М.С.- Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

Саргаскаева С.С.- Мектеп директоры

Қаралған мәселелер:

  1. №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясындағы жазғы жөндеу мәселелер туралы Саргаскаева С.С.
  2. Соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін ұйымдастыру туралы Аязбаева М.С, Нызамадинова М.М.
  3. Мектеп инспекторы Абдуллаев Еркіннің жылдық есебі және мектеп бітіру кешіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу туралы.
  4. Әр түрлі мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша алғы сөзді мектеп директоры Саргаскаева С.С. алды. Ол Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін мектеп жағдайымен таныстырып, мектептегі жөндеу жұмыстарын қажет ететін орындарды атап өтті. Сөз барысында Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы мәселені шешу үшін қандай ұсыныс жасайтындарын сұрады. Айтылған мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тулебеков М.А. сөз алды. Ол жалпы мектеп ата-аналары осы мәселеге қатысты өз көмектерін көрсетуге қарсы емес екендіктерін айтты. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бұл ұсынысқа түгелдей келісті.

         Екінші мәселе бойынша сөз кезегін Аязбаева М.С және Нызамадинова М.М. алды. Олар Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін ұйымдастыру жұмыстарымен таныстырды.

Үшінші мәселе бойынша сөз кезегін мектеп инспекторы Абдуллаев Еркін алды. Ол мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға кеңес беріп, балалардың бос уақытын қадағалауға жауапкершілікпен қарауды талап етті. Сонымен қатар соңғы қоңырау және мектеп бітіру кештерінде ата-аналардан балалардың тәртібін қадағалауын сұрады.

Шешімі: Бірінші мәселе бойынша ата-аналар мектептегі жөндеу жұмыстарына заттай көмек көрсететіндерін шешті. Екінші мәселе бойынша, мектеп ата-аналары соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешіне арналған безендіру жұмыстарына көмек беретіндерін айтты. Үшінші мәселе бойынша ата-аналар жазғы демалыс және соңғы қоңырау мен мектепті бітіру кешінде өз балаларына жауапкершілікпен қарайтынын айтып, құқық бұзушылықты болдырмау үшін балалармен жұмыс жасайтындарын айтты.

     Хатшы:                     Сакенова Маржан Рахымжановна

                   Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №5 хаттама.

Қордай ауылы                                                               16.06.2018 жыл

Қатысқандар:

Тулебеков М.А. - Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Матышева Г.Д. -Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары

Сакенова М.Р. - Қамқоршылық кеңесінің хатшысы

Заурбаева С.С. -Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Садыков Н.Е. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Бурлова О.Л. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Мехтиева А.В. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Купесбай Қ.Ж. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Усербаева Қ.К. -Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Аязбаева М.С.- Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

Чарипбеков Т – Мектеп директорының шарушылық жөніндегі орынбасары

Нызамадинова М.М. - Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

Саргаскаева С.С.- Мектеп директоры

Қаралған мәселелер:

  1. №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясындағы жазғы жөндеу жұмыстарына және соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға ата-аналар тарапынан көрсетілген көмек туралы. Чарипбеков Т. Аязбаева М.С.
  2. Әр түрлі мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша алғы сөзді мектеп директорының шарушылық жөніндегі орынбасары сөз алды. Ол қамқоршылық кеңесінің мүшелерін мектептегі жазғы жөндеу жұмыстарына ата-аналар тарапынан қандай көмек көрсетілгендігі туралы акттармен таныстырды. Олар:

Шаминов Сержан Қалдыбекович мектепке 50 метр шланг және шопшапқыш (сенокосилка), Аширбек Бағдат жөндеу жұмыстарына 20 банка бояу, Кензина Оксана 25 килограммдық 1 шелек эмульсия, Жақсымбетов Талғат 1 қап ақ цемент, Ахмедзиянова Диля 1 қап цемент. Батраков В.В. мектептегі жөндеу жұмыстарына 20000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Ол қаржы төмендегі құрылыс заттарына жұмсалды:

Краска – 1дана 1350тг. Лак – 6 дана 3900тг. Улкен кисть- 2 дана 500 тг. Орташа кисть – 2 дана 400 тг. Кіші кисть – 2 дана 200тг. Колер 6 дана 1500. Растворитель -2л 1200 тг. Скотч – 6 дана 2100. Эмульсия -1 дана 2500. Лак – 2 дана 1200тг. Краска -1 дана 1300тг. Колер – 1 дана 250. Кисть – 3 дана 600тг. Валик -1 дана 350 тг. Скотч- 2дана 400тг. Ата-аналар тарапынан заттай алынған құрылыс материалдары толығымен мектептің ағымдағы жөндеу жұмысына жұмсалды.

         Соңғы қоңырау және мектепті бітіру кешіне арналған ұйымдастыру жұмыстарына қандай көмек көрсетілгені жайлы есеппен Нызамадинова М.М. таныстырды.

Шар – 22000 тг. Фоамеран – 8000. Ыстық желім – 1000тг. Микрофонға батарейкалар – 1000тг. Скотч- 2 дана 540тг. Жіп – 2 дана 500тг. Газдалған шар - 9000тг. Гафре қағазы – 4 дана 2800тг. Ыстық желімге арналған пистолет – 1200тг. Концелярлық пышақ – 350тг. Самоклейка – 1500тг. Пеноплекс – 3000тг. Оқушылар банері – 27200тг. Жоғарыда берілген мәліметтер бойынша барлық чектері сақтаулы.

Шешімі: Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесі мектеп әкімшілігі тарапынан берген есептермен танысып қанағаттанатынын айтты.

Хатшы:                     Сакенова Маржан Рахымжановна