Хабарландыру

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №6 хаттама.

Қордай ауылы                                     29.08.2018 жыл

Қатысқандар:

Тулебеков М.А. - Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Матышева Г.Д. - Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары

Сакенова М.Р. - Қамқоршылық кеңесінің хатшысы

Заурбаева С.С. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Садыков Н.Е. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Бурлова О.Л. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Мехтиева А.В. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Купесбай Қ.Ж. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Усербаева Қ.К. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Аязбаева М.С. - Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

Абдибек А.К. –Мектептің әлеуметтік педагогі

Мұңайтбас Ө.О.- Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Саргаскаева С.С.- Мектеп директоры

Қаралған мәселелер:

  1. Типтік оқу жоспары
  2. Жоба бойынша ашылып жатқан пилоттық мектеп туралы.
  3. Мектепке жол акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

          Бірінші сұрақ бойынша сөз кезегін мектеп директорының орынбасары Мұңайтбас Ө.О. алды. Ол қамқоршылық кеңесінің мүшелін 2018-2019 оқу жылының типтік оқу жоспарымен таныстырып, оның ерекшеліктері және түсініксіз жақтарын қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне толығымен түсінікті етіп жеткізді.

          Екінші сұрақ бойынша Мұңайтбас Ө.О. толық мәлімет беріп, жоба бойынша ашылып жатқан пилоттық мектептердің ерекшеліктері мен жағымды жақтарын түсіндіре кетіп, туындаған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап беріп отырды.

          Үшінші сұрақ бойынша сөз кезегін мектептің әлеуметтік педагогі алып, қамқоршылық кеңсінің мүшелерін «Мектепке жол» акциясы аясында жасалып жатқан жұмыс туралы толық мәлімет берді.

           2018 жылдың 01.08 – 30.08. күндер аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

Мектебіміздің аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, толық емес отбасынан шыққан мектеп оқушыларына «мектепке жол» акциясына аясында ата-аналар тарапынан көмек көрсетілді. Оқушыларымызға оқу құралдары және мектеп сөмкесі, мектеп формасы, дене шынықтыру формасы. Акция барысында жағдайы төмен, жартылай жетім, көп балалы отбасыларында тәрбиеленіп жатқан мектеп оқушыларының жаңа оқу жылын ешбір кедергісіз, жақсы көңіл-күймен келуіне жағдайлар жасалынып жатыр.

Баланың аты-жөні

сын

Жын

Отбасылық жағдайы

Көрсетілген көмек түрі

Суммасы

 

Жұмабек Нұрғиса

ұл

Көп балалы

Мектеп формасы

10,800тг

 

Иров Аннур

ұл

Көп балалы

Мектеп сөмкесі, мектеп құрал-жабдықтары

4500тг

 

Ирова Ясмина

Қыз

Көп балалы

Мектеп жейдесі

3000тг

 

Жұмақан Іңкәр

қыз

Аз қамтылған

Мектеп аяқ-киімі

4500тг

 

Богданов Николай

ұл

Аз қамтылған

Мектеп формасы

11,800тг

 

Сакиева Аруна

қыз

жетім

Мектеп формасы, мектеп сөмкесі, оқу құрал-жабдықтары

11,400тг

5500тг

 

Пылев Владислав

ұл

Аз қамтылған

Мектеп рубашкасы

6000тг

 

Ермек Нұрайым

Қыз

Аз қамтылған

Мектеп блузкасы

3000тг

 

Янцен Ольга

қыз

Көп балалы

Мектеп блузкасы

2700тг

 

Январьбек Мұхамедали

ұл

Аз қамтылған

Мектеп рубашкасы, мектеп сөмкесі, оқу құрал - жабдықтары

3500тг

4000тг

 

Баланың аты-жөні

сын

Жын

Отбасылық жағдайы

Көрсетілген көмек түрі

Суммасы

 

Сарымсакова Аллана

қыз

жетім

мектеп сөмкесі, оқу құрал-жабдықтары, ақшалай көмек

3500

4000

15000

 

Даулетова Айымторы

қыз

Аз қамтылған

Мектеп рубашкасы, мектеп юбкасы, оқу құрал-жабдықтары, мектеп сөмкесі

6250

4000

         5500

 

Аширбекова Аяна

Қыз

Аз қамтылған

мектеп сөмкесі, оқу құрал-жабдықтары

3500

4000

 

Пылев Владислав

ұл

Аз қамтылған

Мектеп костюмы

15000

 

Янцен Ангелина

қыз

Көп балалы

мектеп сөмкесі, оқу құрал - жабдықтары

4500

4000

 

Жұмабек Нұрдәулет

ұл

Аз қамтылған

мектеп сөмкесі, оқу құрал - жабдықтары

7000

4000

 

Молотов Таир

ұл

Көп балалы

оқу құрал - жабдықтары

4000

 

Молотова Томирис

қыз

Көп балалы

оқу құрал - жабдықтары

4000

 

Калашникова Анастасия

қыз

Жетім

оқу құрал - жабдықтары

4000

 

Сурина Виктория

қыз

Аз қамтылған

оқу құрал - жабдықтары

4000

 

Нурдин Айгерим

қыз

Аз қамтылған

оқу құрал - жабдықтары

4000

 

Эрбо Камила

қыз

Аз қамтылған

оқу құрал - жабдықтары

2000

 

Дүйсен Адема

1 ә

қыз

Аз қамтылған

мектеп сөмкесі, оқу құрал - жабдықтары

5500

 

Барлығы

       

178,450 т

Шешімі: Барлық мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне толық мәлімет беріліп, сұрақтардың барлығы қанағаттанарлық жауап алды.

Хатшы:                       Сакенова Маржан Рахымжановна

                   Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №7 хаттама.

Қордай ауылы                                                               27.09.2018 жыл

Қатысқандар:

Тулебеков М.А. - Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Матышева Г.Д. - Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары

Сакенова М.Р. - Қамқоршылық кеңесінің хатшысы

Заурбаева С.С. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Садыков Н.Е. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Бурлова О.Л. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Мехтиева А.В. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Купесбай Қ.Ж. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Усербаева Қ.К. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Аязбаева М.С. - Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

Абдибек А.К. – Мектептің әлеуметтік педагогі

Саргаскаева С.С.- Мектеп директоры

Қаралған мәселелер:

  1. №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша жылдық есебі.
  2. Тәрбие барысындағы туындайтын мәселелер
  3. Әлеуметтік педагогтің «Мектепке жол» акциясы бойынша есебі.
  4. Әр түрлі мәселелер.

          Бірінші мәселе бойынша сөз кезегін мектеп директоры С. Саргаскаева алды. Ол, барлық жиналған ата-аналарға 2017-2018 оқу жылы бойынша қорытынды есеп жасады. Есеп барысында мектептің жетістіктері, айта кететін болсақ, «Дарын» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан интернет олимпиадаларына мектебіміздің оқушылары да, мұғалімдері белсене қатысып, нәтижесінде облыс бойынша І орынды, республика бойынша ІІ орынды жеңіп алып, «Дарын» кубогінің иегері болып атанды. Сонымен қатар рейтинг қорытындысы бойынша екінші рет Инновациялық режимде жұмыс жасайтын мектептер қатарына кірді. Мектеп директоры әлі де жұмысты талап ететін кемшіліктерді де атап өтті. Ата-аналарға берілген барлық мәліметтер слайдпен сүйемелденіп, нақты мәлімет берілді. Сонымен қатар мектеп директоры, мектептегі жаңадан ашылған «Робот техникасы» кабинетімен ата-аналарды таныстырып, кабинеттің атқаратын ерекше функциясы мен қасиеттерін атап айтты.

          Екінші болып сөз кезегі мектеп директорының орынбасары М.Аязбаеваға берілді. Ол тәрбие барысында туындайтын мәселелермен таныстырып, ата-аналардан мектеп пен ата-ана арасында жасалған келісім шарттың орындалуын талап етті. Сонымен қатар сол келісім шарттағы кейбір бөлімдерге арнайы тоқталып, ата-аналармен тағы да түсіндіру жұмысын жүргізді.

Үшінші мәселе бойынша сөз кезегін мектептің әлеуметтік педагогі Абдибек Алина Канатовна алып «Мектепке жол» акциясының аяқталуы бойынша ата-аналарға толық есеп берді.

           №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы болып өтті.

Акцияны ұйымдастыру үшін мектеп бойынша бұйрық шығарылды. Акцияға жауапты адам тағайындалды. Акцияның өткізу жоспары құрылып, хабарландыру стенді жасалынды, жоспарға сәйкес барлық жұмыстар атқарылды.

Екі айға жуық өткен акция аралығында көмекке мұқтаж балаларға мектеп директоры С.С. Саргаскаеваның қолдауымен мектеп әкімшілігі, мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар тарапынан көмектер көрсетілді. Акция мерзімінде жасалынған жұмыстар аз болмады. Жұмыс түрлеріне жеке тоқталсақ, төмендегідей жұмыстарды атап айтсақ болады;

  1. Бюджет есебінен 12 балаға әр қайсысына000 теңгеден 180 000 теңгеден материалдық көмек берілді.
  2. Айлық барысында мектебіміздің аз қамтылған, көп балалы, жетім отбасынан шыққан 26 оқушыға жалпы соммасы 274050 теңгені құрайтын көмек көрсетілді.
  3. Жалпы алатын болсақ айлық негізінде 38 оқушыға 454050 теңгені құрайтын көмек көрсетілді.

Мектептегі әр түрлі санаттағы отбасынан шыққан 22 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды. Акция өз жұмысын аяқтау барысында жалпы осы екі ай мерзім ішінде балаларға көмек қолын созған азаматтарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Әр түрлі мәселер бойынша ата-аналар мектеп директорына сұрақтар қойды және барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алды.

Шешімі: Барлық үш мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ата-аналар комитетінің мүшелері қанағаттанатын жауап алғанын айтып, кері байланыс парағына өз тілектерімен және ұсынтарымен бөлісті.

          Хатшы:                       Сакенова Маржан Рахымжановна

Жамбыл облысы Қордай ауданы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры С.Саргаскаеваның 2017 – 2018 о.ж.

жылдық қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңесіне есебі.

Бүгінгі таңда мектепте жылдық қорытынды бойынша 1389 оқушы білім алуда. Онің ішінде 178-і үздік, 749-ы екпінді, 462-і орташа оқиды. Білім сапасы 67%, үлгерімі 100%. Ұстаздар саны – 122, контингенті жоғары: 119 мұғалімнің жоғары, 3 мұғалімнің арнаулы орта білімі бар. 39 ұстаз жоғары, 24 ұстаз І және 27 ұстаз ІІ санатты. 28 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстарды бітіріп, сертификатталған. Мектеп директоры мен оның орынбасары ҚР білім беру ұйымдарының басшыларының 9 айлық курсын тәмамдаған. Тәжірибедегі рефлексия – 1,ағылшын тілінде пәндерді оқыту бойынша 3 мұғалім біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.

2018 жылғы облыстық білім ұйымдарының рейтингісінде мектеп-гимназия ең биіктен көрініп, екінші рет «Инновациялық режимде» жұмыс жасайтын бірден-бір мектеп болып атанды.

ҰБТ бойынша мектеп жыл сайын ауданда ең жоғарғы көрсеткіштерді беріп жүр. 2018 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп, орта балл 100,25 болды.

Мектеп ұжымы – жаңалықты жатсынбай қарсы алып, өздерінің күнделікті жұмыстарына ұдайы қолдана білетін мамандар. Түрлі тақырыптардағы коучингтер, дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар сияқты іс-шараларға белсене қатысып, білім беру саласындағы жаңашылдықты жылдам қабылдай алуымен ерекшеленеді. Олар кәсіби қоғамдастық арқылы ауданның 14 мектебіне әдістемелік көмек көрсетіп, жаңа бағдарламаны енгізу бойынша жетекшілік етеді.

Мемлекеттік басшысының тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған саясатын басшылыққа ала отырып, мектеп оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытуға және жас таланттарды ашуға жағдай жасайды, дарынды балаларға қолдау көрсетеді. 2017 – 2018 оқу жылының өзінде 451 оқушы халықаралық, 586 оқушы республикалық, 32 оқушы облыстық және 60 оқушы аудандық олимпиадаларда, жарыстар мен байқауларда жүлделі орындарды иеленді. 2018 жылы «Тарландар» атты жас инспекторлар командасы Ғ.Байтасов атындағы облыстық жарыста екінші рет Бас жүлдеге ие болып, ауыспалы кубогын ұтып алды. Қызылорда қаласында өткен халықаралық жарыста номинация бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Оқушылардың "Шаттық" хоры республикалық «Атадан-мұра» байқауында бас жүлдені, халықаралық «Атадан-мұра» байқауында І орынды жеңіп алды.

«Дарын» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан интернет олимпиадаларына мектебіміздің оқушылары да, мұғалімдері белсене қатысып, нәтижесінде облыс бойынша І орынды, республика бойынша ІІ орынды жеңіп алып, «Дарын» кубогінің иегері болып атандық.

        Қамқоршылық кеңесі өткен 2016 – 2017 оқу жылынан бастап өз жұмысын мектеппен тығыз байланыста белсенді атқарып келеді. Олар әр түрлі іс-шараларға қатысып қана қоймай, мектептің дамуына және материалдық-техникалық базасының нығаюына барынша көмек көрсетуде. Мектептің 1-қабатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасақталған фойеде, 2-қабаттағы қабылдау бөлімінің алдында, мұғалімдер бөлмесінде жұмсақ жиһаз бен теледидар орнатылған. Жалпы мектептің бастауыш сыныптарының кабинеттері ата-аналардың көмегінің арқасында теледидармен жасақталған. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңесі мерекелік іс-шараларға белсене қатысып, концерттік бағдарламаларға атсалысып, мектепке әр түрлі сыйлықтар тарту етті және өздерінің мектеп өміріне деген қызығушылығы зор екенін тағы да айқындай түсті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізіндегі «Мектепке тағзым» акциясы аясында «Бір сәби – бір тал» атты мектеп аумағын көгалдандыруға арналған ауқымды іс-шара аясында қамқоршылық кеңесі су құбырын орнатып, 35 жеміс ағашы отырғызылып, қамқоршылық кеңесінің есімдік бағы ашылды. Мектепке жасалған тартулар: шкафтар, принтер, кресло, жаңажылдық кейіпкер киімдері, айналар, жұмсақ орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер, киім ілгіштер, 2 электронды сағат, шатыр жүгіртпе жол және т.б. мектептің материалды-техникалық базасын нығайтуға бағытталған. Мектепке келіп түскен барлық материалдық құндылықтар мектеп балансына қойылып, инвентарлануда.

   № 1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы өтуде. Осы акция барысында көмекке мұқтаж балаларға мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар тарапынан материалдық көмектер көрсетілді.

  1. Бюджет есебінен 12 балаға әр қайсысына000 теңгеден 180 000 теңгеден материалдық көмек берілді.
  2. Айлық барысында мектебіміздің аз қамтылған, көп балалы, жетім отбасынан шыққан 26 оқушыға жалпы соммасы 274050 теңгені құрайтын көмек көрсетілді.
  3. Жалпы алатын болсақ айлық негізінде 38 оқушыға 454050 теңгені құрайтын көмек көрсетілді.

Мектептегі аз қамтылған 22 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2018 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында мектебімізде «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілді. Акция шеңберінде қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында Қордай ауылында бекітілген аумақ бойынша орналасқан мейрамханаларға, автокөлік жуатын орындарға, компьютерлік клубтарға рейдттер жүргізілді және өз жұмысын жалғастыруда.

         Ата-аналар тарапынан 9-11 сыныптан кейін дер кезінде балаларын оқуға түсірмей әрекет жасамағандықтан, мектептің директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Буйембаев оқушыларды оқу орындарына орналастырды. Атап айтар болсақ, 11- сынып – 1 оқушы, 9 – сыныптан колледжге 3 оқушы, кешкі мектепке 3 оқушы орналастырылды.

Мектепте балаларға сапалы білім мен тәрбие беруге, балалардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасалған. Алайда шешімін күткен мәселелер әлі де бар. Қамқоршылық кеңестің, ата-аналар қоғамдастығының көмегімен білім сапасын арттыру, Ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасын көтеру, оқушылардың тәрбие деңгейінің артуы, құқықбұзушылықтың азаюы және әрі қарай да материалдық-техникалық базаны нығайта түсу мәселелері шешімін табады деп сенім білдіреміз.

Мектеп алға қарай нық сеніммен адымдап келеді. «Еліміздің ертеңі бүгіннен басталады» десек, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы өз миссиясын мектепке орасан көмек көрсетіп, серіктестік танытып отырған ата-аналардың арқасында абыроймен атқарып келеді.