Хабарландыру

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №8 хаттама

Қордай ауылы                                                               28.01.2019 жыл

Қатысқандар:

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері,мектеп инспекторы Абдуллаев Е.О.

Ата-аналар комитетінің мүшелері. Мектеп әкімшілігі.

Қаралған мәселелер:

  1. Мектеп инспекторының 2 тоқсан бойынша есебі.
  2. Мектеп директорының жартыжылдық есебі.
  3. Әр түрлі мәселелер.

Алғы сөзді мектеп директоры С. Саргаскаева алып барлық ата-аналарды және қамқоршылық кеңесінің мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.

Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Е. Абдуллаев сөз алып ата-аналарға Қордай Аудандық полиция бөлімінің, Жергілікті полиция қызметінің, Ювеналдық полиция тобының 2018-2019 жыл аралығындағы жұмыстар туралы есеп берді. Ол кәмелетке толмаған балалардың құқықбұзушылығы қандай мәселеге апаратыны жайлы ата-аналарады ескерте отырып, айыппұл көрсеткіштерімен де таныстырып өтті. Сонымен қатар ауданда мобильді топ құрылғанын айтып, мобильді топтың құрамымен және оның қандай жұмыс атақаратынын айтып өтті.

Екінші мәселе бойынша сөз кезегін мектеп директоры С. Саргаскаева алып қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетін жартыжылдық есеппен таныстырды. Есеп түгелімен фото дәлелдермен сүйемелденді. Есеп соңында «мектепке жол» және «тілектер шыршасы» атты акция бойынша Конкашева Айгүл және Венгер Анна атты ата-аналар өз рақметтерін айтып, көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар Сұлтанбекова Айнұр есімді ата-ана жартыжылдық атқарылған жұмыс бойынша өз ризашылығын білдіріп, ата-аналарды мектеп пен бірге жұмыла жұмыс жасауға, мұғалім беделінің жоғары болуы үшін балалармен дұрыс әңгіме жүргізуге шақырды.

Үшінші мәселе бойынша сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшелері алып, қамқоршылық кеңесіндегі өзгерістермен ата-аналарды таныстырды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тулебеков Муслим Акимович, басқа қалаға көшіп кетуіне байланысты, қамқоршылық кеңесінің жаңа төрайымы болып қамқоршылық кеңесінің шешімімен Сакенова Маржан Рахымжановна тағайындалды.

Шешімі: Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша ата-аналар қанағаттанарлық мәлімет алып, қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып, ата-аналардың шешімімен Сакенова Маржан Рахымжановна сайланды.

Хатшы:                   Аязбаева М.Р.