№8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 8-ақпан күні өткізілген
Қамқоршылық кеңесінің №7 хаттамасы
Қатысқаны: 8
Күн тәртібінде:
1. №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінің директорына үміткер география пәнінің мұғалімі А.К.Турлымбекованың ұсынысын қарау
Тыңдалды:Мектеп директорына үміткер А.К.Турлымбекованың даму жоспары таныстырылды.
Даму жоспарының мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары:
Міндеттері:
Мектептің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған жұмыс жоспары
І кезең
2018-2019 оқу жылы
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық әдістемелік кешендерді оқып үйрену, зеределеу негізгі қиыншылықтарын анықтау. Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің, мектеп тренерлерінің, үйлестірушілердің қызмет мазмұнын анықтау. Басқару мен көшбасшылықты дамыту. Мұғалімдерді кәсіби дамыту.
ІІ Кезең
2019-2020 оқу жылы
Оқыту мен оқу әдістерін жетілдіру. Қалыптастырылған және орнықтырылған тәжірибелер. Бағалау тәсілдерін дамыту. Оқушылардың жекелей дамуына ықпал ету. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер үшін семинар, коучинг, пед оқулар ұйымдастыру
ІІІ Кезең
2020-2021 оқу жылы
Алынған нәтижелерді жинақтау, талдау, нақты ұсыныстар енгізу. Нәтижелерді рәсімдеу және қорытындылау. Озат тәжірибе жетістіктерін енгізу.
Даму жоспары қоса беріліп отыр.
Сөйледі: Қамқорлық кеңесінің мүшесі С.Б.Сатаев: Айкеш Кадирбаевна, директорлық лауазымға сәйкес деп ойлаймын. Себебі, 2019 жылдың қаңтарындағы аудандық саяси-қоғамдық «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газетінің №8 шығарылымында жарияланған конкурстағы талаптарға сәйкес келіп тұр.
Сөйледі: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.К.Иманбаев: Айкеш Кадирбаевна, 1989 жылдан бері осы мектепте мұғалімдік қызмет атқарды. 14 жыл директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлық қызмет атқарған. Мектептің 3 жылдық даму жоспарында, білім, тәрбие және материалдық базасына жан-жақты көңіл бөлінген. Мен Қамқоршылық кеңестің төрағасы ретінде, Турлымбекова Айкеш Кадирбаевнаның ұсынамын. Дауысқа салайық.
Қолдағандар:8
Қарсы: жоқ
Қалыс қалғаны: жоқ. Бірауыздан Турлымбекова Айкеш Кадирбаевнаның кандидатурасын ұсынамыз.
Шешімі:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: __________Иманбаев А.К.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: __________ Жапеков Н.С.
__________ Аскаров Б.С.
__________ Хусаинов Ж.С.
__________ Сатаев С.Б.
__________ Джугебаева Н.Т.
__________ Мамыркулова Ж.К.
___________Алмасбекова А.М.
Хатшы: __________Байтикова М.К.