Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысынан №9 хаттама
Қордай ауылы 8.04.2019 жыл
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері.
Қаралған мәселелер:
Алғы сөзді қамқоршылық кеңесінің торайымы Сакенова М.Р. алды. Ол қамқоршылық кеңесінің мүшелерін мектептің материалдық базасымен таныстыра келе, кездесетін кемшіліктер мен шешуді қажет ететін мәселелерді атап өтті. Оған мектептің мәжіліс залындағы перденің тозғын жағдайы дәлел болды. Осы мәселені шешу үшін, М.Р. Сакенова қамқоршылық кеңесінен мектепке қаржылай көмек көрсетуді ұсынды.
Әр түрлі мәселелер бойынша сөз кезегін Усербаева Қ.К. алып білім басқармасынан тускен хатпен қамқоршылық кеңесінің мүшелерін таныстырды және мектеп директорының кабинетінің көлемін өзгертуіне байланысты іс-шараларға толығымен өз көмегін беретінін айтты.
Шешімі: Жоғарыда аталған мәселелер бойынша ата-аналар өз ұсыныстарын айтып, мектептің материалдық базасының жаңаруына және мектеп директоры кабинетінің ықшамдалуына байланысты іс-шараға өз көмектерін көрсететінін шешті.
Хатшы: Аязбаев М.С.