Хабарландыру
№25 негізгі мектебінде қамқоршы кеңес өкілеттілігінің аяқталуына байланысты, төмендегі қағидалар бойынша Арал ауылындағы №25 негізгі мектебінде Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрылымын құрылады.
1) Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) Қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыныбөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) Білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті артырушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы,оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы ,қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
9) Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге , семинарларға қатысады;
10) Білім беру ұйымының қызметімен , білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар қабылданады .Тиісті құжаттарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Мекен жайымыз:Жамбыл облысы, Қордай ауданы
Арал ауылы, Өтеген батыр көшесі №8