2019 жылдың 15 наурызында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль – байқауы өткізілді.
Аудандық білім бөлімімен наурыз айының 4-і күні №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің базасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Байқауға аудан мектептерінен 17 жас ақын қатысып, өз туындыларын жатқа оқыды. Жас ақындар шығармашылығына қолдау көрсетіліп, №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқышысы Тұрсынбаев Ербол мен №33 Соғанды негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Асан Ерқанат бас жүлдемен марапатталды. №2, 4, 3, 23, 33, 26, 27 орта мектептерінің оқушылары 2-3-орындармен марапатталды.
Өткізу орны: Өтетін уақыты мен күні:
Аудан мектептері 2019 жылдың 1-25 ақпан аралығы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға кітап оқуға тарту, әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу, елімізді үлкен кітапханаға айналдыру мақсатында аудан бойынша барлық мектептерде «Буккроссинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» акциясы өткізілді.
Өтетін орны:
Қордай ауылы мәдениет үйі
Өтетін уақыты мен күні:
15.02.2019 жыл, сағат 10.00
2019 жылдың ақпанның 15 күні Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Театр ғажайып әлемінде » аудандық фестиваль байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты- өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Өту орны:
Қордай ауылы
Төле би көш.,60
Өтетін уақыты мен күні:
15 ақпан 2019 жыл, сағат 9.00
2019 жылдың 15 ақпан Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің аудандық байқауы ұйымдастырылды.