Ашық есік күні

Қордай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің бас маманы Г.Самакова мен әдіскері М.Амировтың ұйымдастыруымен, Қордай аудандық ювеналды полициясымен бірлесіп 2018 жылдың 27 ақпан күні Қордай аудандық ішкі істер бөлімінде «Ашық есік күні» іс-шарасы, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсаты өткізілді.

Аталған шараға Қордай ауданының 14 орта мектептерінің 91 оқушылары, оның ішінде Қордай АІІБ ЖПК-ның, мектепішілік есептерінде тұрған қиын балалар және кәсіптік бағдар бойынша болашақта құқық органдарының қызметкері боламын деген балалар. Оқушыларға ІІБ-нің тергеу бөлімі мен уақытша ұстау изоляторына экскурсия жасалды. Артынан, мәжіліс залында АІІБ ЖПҚ КТІЖБ-нің инспекторлары балаларға кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың түрлері және олар үшін жауапкершіліктері туралы толық мәлімет беріп, арнайы құрал саймандармен (қасқа, қалқан, резеңке таяк, бронды кеудеше, газқағар) таныстырып, балаларға кигізіп көрсетілді. Келген оқушылар өте үлкен әсер алып, болашақта құқық қорғау қызметкері болу үшін қазірден бастап дайындалу қажеттілігін білдірді.

Іс-шара туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «Қордай шамшырағы» газетіне 2018 жылдың 28 ақпандағы номерінде жарияланды.

Қордай аудандық ішкі істер бөлімінден өткен